«Нұр Отан» партиясы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС жанындағы Қарағанды филиалы, «Қазақмыс» компаниялар тобының «КәсіпҚорған» салалық кәсіподақ ұйымы мен «Jastar Bolashaq» жастар одағы үшжақты меморандумға қол қойды.
Қарағанды облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов аймақты газдандыру шаралары туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтікке ең жиі қойылатын 10 сауалдың жауабын жария етті.
ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев «Сарыарқа» газ құбырының құрылысы туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әскери тікұшақтың апатқа ұшыруы кезінде қаза болғандардың отбасыларына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бүгін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері қатысқан кеңес өтті.
Менің басты ұстанымым анық, айқын. Бұл - заңның үстемдігі. Заңнан жоғары ешнәрсе болмауы керек. Түркістан жұртшылығымен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.
Үкімет пен Ұлттық банк халықтың әл-ауқатын арттыру, экономикалық өсімді ұлғайту, инфляциялық үрдістерді төмендету және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп отырған саясат сақталатыны туралы мәлімдейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Жалпы, мемлекет әлеуметтік саланы ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Былтыр жарық көрген «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінде де Елбасы мемлекеттің әлеуметтік жаңғыру жолында ауқымды істерді бастауға әзір екендігін айтқан болатын. 2018 жылдың 5 қазанындағы Жолдауында да халық табысының өсуін қамтамасыз ету, тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру мәселелеріне айрықша назар аударған-ды.
Биыл елімізде 118 мың пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баяндама жасаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.