Г. ӘБДІХАЛЫҚОВА КӨП БАЛАЛЫ АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ (ВИДЕО)

Үкімет мүшелері Елбасы тапсырмасының орындалысын қамтамасыз ету мақсатында аймақтарға шықты.

Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Батыс Қазақстан облысына сапары барысында облыс әкімі Алтай Көлгіновпен бірге Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа бағдарламалық тапсырмаларын іске асыру бағытында көп балалы және мүгедек балалары бар аналар үшін қоғамдық қабылдау өткізді. Үкімет мүшелері әлеуметтің әлеуетін арттыру мақсатында қолға алынған іс-шараларды баяндап, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары