Тарихи дүниелерді тамашалады

Жуырда аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ежелгі Тараз» атты экскурсия ұйымдастырды. Тараз төріндегі тарихи дүниелерді тамашалауға аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Асқар Сырлыбаев, экскурсоводы Индира Мыңжасарова, қор сақтаушысы Жазира Тоғанбаева, №1 орта мектептің 7-сынып оқушылары және тарих пәнінің мұғалімі Талант Кушеков барды. Олар әуелі облыстық тарихи-өлкетану музейіне бас сұқты. 

Жуырда аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ежелгі Тараз» атты экскурсия ұйымдастырды. Тараз төріндегі тарихи дүниелерді тамашалауға аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Асқар Сырлыбаев, экскурсоводы Индира Мыңжасарова, қор сақтаушысы Жазира Тоғанбаева, №1 орта мектептің 7-сынып оқушылары және тарих пәнінің мұғалімі Талант Кушеков барды. Олар әуелі облыстық тарихи-өлкетану музейіне бас сұқты. Ондағы экспонаттар тірі мен өлі табиғат, тарих және археология, этнография, тарихи оқиғалар залдарына жүйеленіп қойылған. Музей қоры 40 мыңнан аса экспонаттан тұрады. Музей 1931 жылы ашылып, 1978 жылы қаланың орталық алаңындағы жаңа ғимаратқа көшірілген. Қазіргі таңда қала орталығындағы Төле би даңғылында орналасқан Қазақстандағы ең ірі тарихи жәдігерлер орталығына келушілер саны артқан.
Бұдан кейін жамбылдықтар «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде бой көтерген ғимараттың бірі – халық жазушысы Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығына аялдады. Бірінші қабатта жаңадан ашылған амфитеатрда өз өнерін халық назарына ұсынатын өнерпаздардың грим бөлмелері де орналасқан. Ал, орталықтың екінші қабатындағы үлкен залда Шерхан Мұртазаның шығармашылығына арналып композиция жасалған. Композицияның астында әйгілі қаламгер отырған екі орындық пен журнал үстелі қойылған. Холдың екі жақ қабырғаларындағы көрме сөрелерінде жазушының көзі тірісінде облыстық кітапханаға сыйға тартқан заттары көпшілік назарына ұсынылды. Мұнда жазушы пайдаланған жазу машинкасы, сувенирлік қаламы, иіссу құтысы, кілемшесі, шапаны, мантиясы, портфелі, тіпті жеке «Киев» фотоаппараты, түрлі марапаттары, куәліктері және өзге де жеке басына қатысты құжаттары қойылған.
– Тараз – тарихи қала. Ондағы қайталанбас құнды дүниелерді бір күнде тамашалау мүмкін емес. Алдағы уақытта да мұндай шаралар өз жалғасын табатын болады, – деді Асқар Бақытұлы.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары