БЕЙНЕБАҚЫЛАУ – ҚАУІПСІЗДІК ҚОРҒАНЫСЫ

Жедел жағдайды бақылап отыру мақсатында барлық заман талабына сай халықтың алаңсыз өмір сүруі мақсатында бейнебақылау камераларын орнату міндеті ерекше назарда. Сауда орталықтары мен кішкентай дүңгіршіктерде, білім ошақтарында қала аудандық ішкі істер басқарма бөлімдерінде бейнебақылау камераларының техникалық мүмкіндіктері барынша қолданылады.

Бейнебақылаудың маңыздылығы мен қолданылуы тақырыбында аудандық ішкі істер бөлімінде жиын өтті. Адан әкімінің орынбасары Ж.Е.Алданазарованың қатысуымен өткен жиында алғашқы болып сөз алған Тайынша ауданы ІІ ЖПҚ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі М.Қ. Қаппасов баяндама жасады.
- Бейнебақылау камералары неғұрлым адам көп жиналатын орындарда, наразылық акциялары өтуі мүмкін жерлерде, сондай-ақ үлкен көшелердің қиылыстарында орнатылса, құқық бұзушыларға кедергі болары сөзсіз. Барлығы аудан орталығында 21 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сол бейнебақылаудың көмегімен 8 қылмыс әшкереленді, 158 әкімшілік тәртіп бұзушылық тіркелді. Бейнебақылаудың қылмысты әшкерелеуде пайдасы зор екенін біле тұра көптеген жеке қожалықтар мен қаладағы кейбір жекеменшік орындарда бейнебақылау жоқ, сондықтан тәртіп бұзушылардың келеңсіз іс әрекеттерін іздестіру мен дәлелдеу қиын, деді.
- Осы бағытта «Спутник ЕС» Жауапкершілігі серіктестігінің басшысы С.З.Егінбаев сөз алып, бейнебақылау орнату қажеттігі мен күзет қызметкерлерінің жылдам іс –әрекеттері жайында айтты. Жеке меншік үйлердің өзіне күзет дабылдамасын орнату жайында түсініктеме берді.
Аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға қарамастан, былтырғы жылдан бері 130 ұрлық, оның ішінде 32 пәтерге түскен ұрлық тіркелген.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары