Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019-2021 жылдарды ауылды дамытуға 90 млрд теңге бөлуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлығы шықты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Маминді ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Saryarqa Ақорданың Туиттердегі парақшасына сілтеме жасап.
Қала үлкейген сайын адам адаспайды деуші еді. Біздің Қызылорда қаласында керісінше. Қаланың көп көшесінде мекен-жай дұрыс көрсетілмей, бірі анда, бірі мында болып адасып жүр. Ретімен келіп тауып ала қою қиын. Кей үйлерде номер де жоқ. Ал, кей көшелерде екі атау, екі номер берілгендер бар. Соның салдарынан қанша жедел жәрдем уақытын жоғалтты, қанша өрт сөндірушілер дәл уақытында бара алмады, ішкі істер саласының қызметкерлері қанша рет адасты, бір Құдай біледі. Поштаның хаттары дәл солай сандалтады.
«...Туған жердің топырағы бұйырса деген жалғыз тілегім болды»,- деп ауыр күрсінген Бауыржан Қазтайұлы Есемсейітовтің ауған жерінде өткізген екі жыл өмірінің әр күні кешегідей сағат, минутына дейін есінде. Жүрегіне жара салған сол күндерді ұмыту әрине оңай емес. Бәрі-бәрі артта қалды деп өзін іштей жұбатып, енді ұмыттым дегенде қарулас достары мен дұшмандармен қақтығыс түсіне кіріп, өн-бойын салқын тер басады әлі де. Бастан кешкен қиыншылықтар мен сұм соғыстың естеліктерімен күресіп, арпалысқанына міне 32 жылдың жүзі болды.
Қала басшысы Қайрат Бегімов Бекболатсай елді мекенінде орналасқан №9 тірек (ресурстық орталық) мектеп-интернатында болып, заманауи талапқа сай бірнеше кабинеттің ашылу салтанатына қатысты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталды. Елбасы Жолдауы бірден қолдау тауып, қоғамдық орталарда бірден талқыланып жатыр. Қазақстандықтар үшін 2018 жыл қай салада болмасын табысты жыл болғандығымен ерекшеленбек.
Жақында Қазалының билігі ел алдында есеп беріп, атқарған жұмыстары мен алға қойған мақсаттарын баяндады. Ел басшыларының мәлімдемесін тыңдап Қазалының үздіксіз дамып, қарыштап, өркендеп бара жатқанына дән риза болысты ел. Атқарылған қанша жұмыстар мен, көптеген еңбектің жемісі бүгінде тамылжып түрғанын жеткізгенде, қазыналы Қазалы көркі көзіңді жұмып, аузыңды аштырып тастайтындай ғажайып мекенге айналып, дамыған отыз елдің қатарында жарқырап шуақ шашты. Оған шынайы дәлел, басшылардың баяндамасы.
Редакциядан: Жезқазған қаласының 65 жылдығына орай газетімізде «Бұрынғы басшылар бейнесі» атты жаңа айдар ашып отырмыз. Бұл айдар аясында қалаға әр жылдары басшылық еткен басшылар туралы естелік мақалалар немесе сұхбаттар жарияланатын болады.
Айдардың алғашқы қонағы – 1990-1991 жылдары Жезқазған қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, қалалық Кеңес төрағасы қызметтерін атқарған, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мұхамбет Жұманазарұлы КӨПЕЕВ.
Қалалық мәслихат депутаттары Хансейіт Бөлен мен Бақытжан Көпбаев бастаған ақпараттық-насихаттау тобы мыс қорыту зауытының жұмысшыларымен жолығып, Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттерді талқыға салды. Сонымен қатар, 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаудың мәнісін ашуға тырысты.