
Амангелді «мектеп-балабақша» кешенінде «Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы жаңа бағытта ІІ бөлім бойынша өтті.
І бөлімінде жиналысты мектептің тәрбие ісіне жауапты тәлімгер Ж.Владимирова ашып, жиналыстың бағдарламасымен таныстырды. Бағдарлама бойынша мектептің білім беру ісіне жауапты А.Габдуллинаның оқушылардың екінші тоқсандағы білім деңгейі, 2018-2019 жылдары ҰБТ тапсыру ерекшеліктері мен ашық бюджет туралы есебі тыңдалып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бейне презентация арқылы қөрсетіле отырып, ата-аналармен диалог алаңы жалғасын тапты.
Жиналыстың келесі бөлімінде ата-аналарға мектептегі «REDx» жобасы оқушыларды кітап оқуға баулу бағытында дайындаған Абайдың «Қара сөздері» кітабы туралы В.Бексейтова, З.Ахметованың «Шуақты күндер» кітабын Қ.Нүфтенова және Амангелді ауылдық кітапханасының меңгерушісі Г.Искалиева ата-аналарға тәлім-тәрбиелік, отбасылық құндылықтар, адамгершілік, ақыл-парасатты, оқырманға берері мол, өнеге-үлгі боларлық Д.Мұштанованың «Аңыз болған абысындар», М.Тоқашбаев, Р.Қаршалова «Бақыттың кілті», Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан», Б.Нұржекеұлының шығармалармен таныстырды. Мектептің информатика пәні мұғалімі Б.Досанова балалардың оқуға қызығушылығы мен білім сапасын арттырудағы АКТ-ны тиімді пайдалануда ата-аналарға толық ақпарат бере отырып, «Работотехника» үйірмесінің жұмысын 7-сынып оқушылары А.Бегалиев пен Т.Кеңесовтың құрастырған техникалары арқылы көрсетті.