Мәдениет

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек...

«Иықтан шашы төгіліп жерге,
Күмісті шашбау жарасып белге», – деп келетін танымал сазгер Марат Омаровтың әнін білмейтін қазақ кемде-кем. Әсерлі әуенмен үндескен осы бір өлең жолы қазақ қызының келбеті қандай болуы керектігінен хабар беріп тұрғандай. Қызының арын өзінің арынан биік қоятын халқымыз оны «қырық үйден» күзетіп, тәрбиесіне ерекше мән берген. Өйткені, күлкісіне күн тамсанып, ажарына ай сүйсінген қазақ аруы – тек ауылының ғана емес, тұтас ұлттың абыройы мен айнасы. 

14 апреля, 20:14
ТҮЛЕКТЕРДІҢ ТУҒАН ЖЕРГЕ СЫЙЫ

Ақбастау ауылдық округіне қарасты Шоқай ауылында жақсы үрдіс қалыптасқан. Мектеп бітіруші түлектер туған ауылдарына қарайласып, атамекенін көркейтуде ауызбіршілік танытады. 

14 апреля, 20:13
Қазаққа танымал ақын еді

Аудандық орталық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің 75 жылдығына арналған «Халық сүйіктісі» атты әдеби-вернисаж кеш өтті. Игілікті шараның мақсаты – қарымды қаламгердің өмір жолы мен өлеңдерін жас ұрпаққа кеңінен насихаттау. 

14 апреля, 20:12
Болашақ үшін маңызды

Тілді зорлықпен емес, тек қана шынайы ынталылықпен ғана дамытуға болады. Ал, оны мемлекеттік тіл ретінде қастерлеп, үйрену – Қазақстанның барша азаматының парызы.

14 апреля, 20:08
ЖАҺАНДЫҚ МӘНГЕ ИЕ ЖОБА

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – ел дамуының жарқын үлгісін, нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Саяси құжатта сананы жаңғырту, ұлттық құндылықтарымыздың жаһандық сұраныспен үйлесім табуы, егемен елдің кемел келешегін қалыптастырудағы мақсат-мүдделер тоғысқан өзекті мәселелер көтерілген. 

7 апреля, 19:59
Жақсы кітап – жан азығы

Кітап – адамға телегей жан азығын сыйлайтын, тіршіліктің сан қилы құпиялары қатталған рухани қазына кені. Адамзат ойының мәуелі жемісіне баланатын кітап біздің адамгершіліктің алтын мінберіне көтеріліп, қараңғылықтан құтылуымызға жол ашады. Білімнің бал бұлағын ағызған кітап пен адамның арасына «алтын көпір» орнататын – кітапхана екені даусыз. 

3 апреля, 14:00
Мемлекеттің тұғырлы тірегі

«Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».

Бауыржан Момышұлы,
Халық қаһарманы.

3 апреля, 13:57
Ұлы дала өркениетінің жетістігі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында көптеген жұмыс атқарылуда. Әсіресе, еліміздегі тарихи-мәдени нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстары ерекше қарқын алған.

3 апреля, 13:56
Өлкетану музейіне саяхат

Аудандық орталық кітапхананың бастамасымен «Қазақстанның рухани киелі жерлері» жобасы аясында «Қазақстанның киелі жерлері – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында аудандық өлкетану музейіне жас оқырмандар арасында саяхат ұйымдастырылды.

31 марта, 13:20
Қолөнер бұйымдары – халық қазынасы

Аудандық орталық кітапхана жанынан құрылған «Халық өнері – асыл қазына» қолөнер шеберлер клубының топ жетекшісі, кітапханашы Құралай Асхатаеваның ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында «Қазақтың ер-тұрман әбзелдері» тақырыбында Аса ауылының тұрғыны Ардақ Абдуллинмен сұхбат өтті. 

31 марта, 13:18

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары