ЖЫЛДАР ӨТЕ ИСЛАМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Қазір өтіп жатқан қасиетті Рамазан айы мен Ораза – рухани тазару үшін қолайлы уақыт. Міне, бес парыздың бірі саналатын дәл осы ораза уақытында Есіл ауданының Чириковка ауылының тұрғыны Лидия Дмитриевна Салмұқанова өзінің ертеден келе жатқан арманы – ислам дінін қабылдауды жүзеге асырды.

Оның өміріндегі бұл бақытты оқиға орталық аудандық мешітте өтті. Рәсімді мешіттің бас имамы Имаммұхаммед Мирзаев өткізді, ал оған көмектескен және ұйымдастырған, Астанадан арнайы келген қызы Шолпан. Қария ары қарай созуға болмайтындығын, жұбайы мен балаларының дінінде болуды, қазақтың салт-дәстүрлерін сақтауды шешеді. Алайда ол тұрмысқа шыққан сәтінен бастап бесбармақ дайындап, бауырсақ, шелпек және басқа да ұлттық тағамдарды дайындауға тырысатын. Енді қарияның қазіргі аты – Қалида апа. Ол қазақ тілінде таза сөйлейді.

Қалида апа (Лидия Дмитриевна) Покровка ауылының тумасы. Алты жасында ата-анасыз қалып, балалар үйінде өседі. Қазақ жігіті Абылай Салмұқановқа тұрмысқа шығып, 9 бала тәрбиелеп өсіреді. Жеті бала отбасы Еңбек ауылында тұрғанда, екеуі Рамазанова роща ауылында дүниеге келеді. 45 жасында жесір қалады: отағасы 49 жасында дүние салады. 9 баламен жалғыз қалады. Ең үлкен ұлы ол кезде әскер қатарында, қалғандары оқушы еді, ал ең кіші қызы төрт жаста болатын. Бәрін өсіріп, білім берді.

Қазір төрт баласы Астана қаласында, төртеуі Чириковка ауылында тұрады. 27 немересі, 20 шөбересі және 6 шөпшегі бар. «Алтын алқа» медалімен марапатталған.

Қалида апа сауыншы, бұзаушы және пошташы болып еңбек еткен. Пошташы болып істеп жүріп, атты өзі жегіп, ауылдарға пошта таратқан. Жалпы жұмыс өтілі 40 жылдай.

Қазір сексеннен асты. Ол ұлының отбасында тұрады, тамақ дайындауға, бақшаға көкөністер егуге, немерелері мен шөберелерін тәрбиелеп, өсіруге көмектеседі.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары