Жаңа КЛУБ

Ағымдағы жылдың 22-наурызында, яғни Әз Наурыз мерекесі күні Новоишимка ауылында аудан әкімі М.С.Тәткеевтің қатысуымен клуб үйінің ашылу салтанаты болды.

Ауылдағы мәдени ошақтарды көптеп ашу – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл бағытта ауданда көптеген кәсіпкерлердің атсалысуымен бірқатар ауқымды істер жүзеге асырылуда. Мәселен, «Новоишимка» ЖШС-нің директоры Марс Итбаев «Радость» мейрамханасын жөндеуден өткізіп, оны мәдени сала қызметкерлерінің иелігіне берді. Жаңа клубтың ашылуына орай Новоишимка ауылдық округінің тұрғындары, әсіресе жастар жағы бос уақыттарын мазмұнды өткізуге қол жеткізді.

Көп салалы мәдениет үйінің көрермендер залы 300 адамға арналған, жалпы аумағы  528,8 шаршы метр.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары