Жақсы туынды – жан азығы

Кітапхана – ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік, парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы. Адамға рухани байлық сыйлап, ғылым мен білімнің терең сырынан сусындатар мәдени орын – кітапхана. 

Аудандық орталық кітапханадағы кітаптардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Онда әдеби туындылармен қатар тарихи деректер, әр жанрдағы шығармалар және салалық кітаптар өте көп. Кез келген оқырман кітапханадан өзіне қажетті оқулықты таба алады. 
Биыл кітапхана қоры Абай Құнанбайұлының томдық шығармаларымен, Әбу Насыр әл-Фарабидің томдық еңбектерімен (үш тілде) толықты. Сонымен қатар, «Жамбыл облысының тарихы мен рухани мұралары» көп томдығы, Т.Боранғалиевтің «Жәңгір хан», «Қазақстанның хас батырлары», Е.Тұрысовтың «Бәйдібек», К.Жүністегінің «Көгүлдір күмбез», Т.Үсенбаевтың «Қазақ шежіресі. Кіші жүз – Бек арыс», М.Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың», Р.Отарбаевтың «Таңдамалы», С.Нарымбетовтің «Таңдамалы шығармалары» І том, С.Томановтың «Соғады сен деп жүрегім», Б.Иманғазинаның «Тауқымет», Э.Ремарктің «Возлюби ближнего своего», С.Шелдонның «Тонкий расчет», Д.Толкиннің «Хоббит», Д.Бонансинганың «Ходячие мертвецы», Д.Мартиннің «Хроники тысячи миров», М.Дугластың «Карнеги: Полный курс. Секреты общения, которые помогут вам добиться успеха», А.Нарбуттың «Карнеги: 4 ступени к эффективному общению», «Карнеги: тренинг, который сделает вас мастером общения» атты кітаптары сөреден орын тапты. 
Сондай-ақ, Н.Адамқұловтың «Ағаш өңдеу технологиясы», Қ.Әріновтің «Агрономия негіздері», А.Устинованың «Астық жинайтын комбайндар», Г.Бесімбаеваның «Аспаздық», Н.Әліпбековтің «Ауылшаруашылық машиналары. Зертханалық-тәжірибелік сабақтар», А.Бұлашевтің «Ветеринария негіздері», М.Нұрпейісованың «Геодезия», Т.Богариевтің «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі», Т.Айшуақованың «Жалпы мұнай және мұнай кәсіпшілігі геологиясы», Е.Әбдірахмановтың «Жалпы хирургия», Ж.Жетпісбайдың «Жеміс-жидек дақылдарын өсіру техно­логиясы» атты салалық оқу құралдарымен толықты. 
Аудандық орталық кітапхана Аса ауылы, Абай көшесі №121, «Nur Otan» партиясы ғимаратының 3-ші қабатында, аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы М.Маметова көшесі №6-үйде орналасқан.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары