Жақсы кітап – жан азығы

Кітап – адамға телегей жан азығын сыйлайтын, тіршіліктің сан қилы құпиялары қатталған рухани қазына кені. Адамзат ойының мәуелі жемісіне баланатын кітап біздің адамгершіліктің алтын мінберіне көтеріліп, қараңғылықтан құтылуымызға жол ашады. Білімнің бал бұлағын ағызған кітап пен адамның арасына «алтын көпір» орнататын – кітапхана екені даусыз. 

Бүгінде аудандық орталықтандырылған кітапхана әдебиеттің тың жауһарларымен толығуда. Атап айтар болсақ, Ж.Алтаевтың «Әл-Фараби – Шығыстың ұлы ойшылы» мен «Әл-Фараби және заманауи Қазақстан философиясы» кітабы, Д.Карнегидің «Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері», А.Кемелбаеваның «Папирус», Қ.Қайымовтың «Көпір астындағы үй», М.Медетбектің «Өрт жылдардың отты жандары» томдық шығармалары, Қ.Раевтың «Алаштың арда ұлдары», Ә.Салықбайдың «Ілияс мінген Қарагер» сынды туындылары кітапхана сөресінен орын алды. Сондай-ақ, «Абай және Алаш сабақтастығы», «Абай және қазақ социумы» 1-том, «Абай шығармаларының акедемиялық толық жинағы» 1-3 том, «Абайдың ғұмырнамасы» 1-том, С.Айбергеновтің «Тоғысқан тағдырлар», С.Айқұттың «Қорқыт ата не деді?», Ж.Жабаевтың «Ұлы дала ақыны», «Кешегі өткен би Құнанбай», С.Мұқановтың көп томдық шығармалары, Б.Нұржекеұлының «Қазақ батырлары» атты еңбектері де кітапхана қорын байытып тұр. 
Бұл қатарға Н.Ораздың «Қыз мұнарасы», А.Әл-Машанидің «Әл-Фараби көпірі», «Барақ хан әулеті Монографиясы» 2-том, «Баянауыл басында балалы құр», С.Қабиқызының «Открытый космос Талгата Мусабаева», Б.Сарбалаевтың «Түркістан – Ер Түріктің бесігі ғой», «Сәмеке хан әулеті», «Ұлы даланың ұлағатты тұлғалары», «Хандықтың туын тіккен киелі өлке», Д.Әлімқұлдың «Жүрек хаттары», Б.Сарыбайдың «Мөп-мөлдір көздің қарасы» атты кітаптарды да қосуға болады. 
Біздің ойлы оқырмандарымыз Абай көшесі, №121 үйде орналасқан аудандық орталық кітапханаға келіп, әдебиеттің жаңа дүниелерімен таныса алады. Бұдан бөлек, М.Мәметова көшесі, №6 үйде қоныс тепкен аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының есігі де барша оқырмандарымыз үшін айқара ашық. 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары