Заманының заңғар тұлғалары

Ерназар ауылдық клубында «Заманының заңғар тұлғалары» атты тақырыпта оқырмандар конференциясы өтті.  «Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы аясында өткен шараны Ерназар, Өрнек, Жұма, Тоғызтарау ауылдық кітапханасы ұйымдастырды.

Ерназар ауылдық клубында «Заманының заңғар тұлғалары» атты тақырыпта оқырмандар конференциясы өтті.  «Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы аясында өткен шараны Ерназар, Өрнек, Жұма, Тоғызтарау ауылдық кітапханасы ұйымдастырды.
Қазақстанда алғаш рет 2007 жылы бастау алған «Бір ел – бір кітап – 2018» республикалық акциясы бойынша биыл үш бірдей кітап: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық», Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптары таңдап алынды. Бұл кітаптарды оқу, жыл бойы насихатталатын болады.
Жиынды Өрнек және Ерназар ауылдық кітапханасының меңгерушілері Ж.Садуалиева мен А.Өміралиева жүргізіп отырды. Басқосу барысында Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық», Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» кітаптарына жеке-жеке тоқталып, үзінділер оқылып, «Ұшқан ұя» повесінен көрініс қойылды. Оқырмандар Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық» философиялық трактатын кеңінен талқыласа, Ерназар ауылдық клубтың музыка жетекшісі Д.Әбілдаева «Анадан алғаш туғанда», «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әндерін орындады. Ал, кітапхананың тұрақты оқырмандары А.Жайлыбек, Ж.Жиынды  Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» шығармасынан монолог оқыды. Іс-шараға Ерназар ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Т.Үрістембеков, Б.Кейкиев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары А.Атантаева, Г.Әбдірәсілова, Н.Түлкібекова шақырылды. Тоғызтарау ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Жұмабекова «Бір ел – бір кітап» акциясының шығу тарихын баяндаса, Жұма ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Ақбөртеева «Бір ел – бір кітап – 2018» акция аясында таңдалынып алынған жыл кітаптарының мазмұнына шолу жасап, кітап көрмесін таныстырып өтті.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары