Ұлы даланың жеті қыры,Алып бәйтеректің жайқалар шағы алда

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мәнді де мағыналы, жүректі тебірентерлік «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланып, қазақстандықтардың ғана емес, шет мемлекеттердегі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлерінің назар аударғаны баршаңызға белгілі.

Бұл мақала Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жалғасы, қазынасы тереңінде жатқан тарихымызды түгендеу екені ақиқат. Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы сол күні-ақ  өз еліміздің бүкіл ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы республика аумақтарына таралса, іле-шала әлемдік БАҚ өкілдері Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғыртудың   жаңа жолын  нұсқаған мақаланы зерделеп,  ойлары мен пікірлерін жарыса жариялауда.  Ең бастысы,  осы мақаланы талдау барысында онда айтылғандардың бәрі Отандастарымыздың барлығының көңілінен шыққанын және жоғары бағалап жатқанын байқадық.

     Елбасы толғамды тарихи мақаласында әр елдің өзінің өсіп-өркендеу жолы болатынын айта келе, «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уа­қыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уа­қыт пен кеңіс­тіктің көкжиегі тоғысқан кез­де ұлт тарихы басталатынына» бұқара халықтың назарын аудартты.

Мақаланың кіріспесінде ежел­гі Римнің қа­зіргі Ита­лия емес, бірақ италиялықтардың өз­де­рінің та­рихи тамырымен мақтана ала­тынына тоқталды. Сонымен қатар ежел­гі Үн­дістан мен бүгінгі үнді хал­қын тарихта  үздіксіз дамып ке­ле жатқанын мысалға келтірді.

Аталған мемлекеттерді алға тарта отырып, өз еліміздің түп-тамырын білуге, ұлт­­­тық тарихымызға терең үңіліп, оның күр­­­меулі түйінін шешуге әлі де үлкен мүмкіндік туғанын атап көрсетті. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақ­та­рымен емес, тұтастай қа­зіргі за­манауи ғылым тұрғысынан қа­рағанда тү­сінікті болуының тиістілігіне қа­жетті дәйек­те­рдің жеткілікті екенін атап көрсетті. 

Мақалада кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің баба­ла­ры­мыз­дың өз заманындағы ең озық, ең үздік тех­нологиялық жаңалықтарға тікелей қа­тысы бар екені айтылған. Бұл жә­дігерлер Ұлы даланың жаһандық та­рих­тағы орнына тың көзқараспен қарауға мүм­кіндік береді. Елбасы қазақтың кейбір ру, тайпа­лары­ның атаулары «қазақ» этнонимінен талай ға­сыр бұрын белгілі болғанына тоқтала отырып, ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұ­ған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын атап көрсетті.

    Сонымен қатар, Елбасының осы мақалада тағы бір қырынан танылған кемеңгерлігі ұзақ уақыттан бері біз­дің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көп­теген этностарға ортақ Қазақстан та­ри­хы туралы сөз болып отырғанын ескертіп өтті. Бұл – түрлі этнос­тар­дың көптеген көрнекті тұлғалары өз үлес­терін қосқаны бүкіл халқымызға ортақ та­рих екеніне тоқталды.

Қазақ халқының тарихында қасіретті сәт­­тер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл со­­ғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұр­­ғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қу­ғын-сүргіндер аз болмағанын, мұны ұмы­туға ешқайсымыздың хақымыздың жоқтығын ерекше атап көрсетті. Көп қырлы әрі ау­қым­ды тарихымызды дұрыс түсініп, болашақ ұрпақ дұрыс қабылдай білу керектігіне назар аударуымыз қажет. Мемлекет басшысының тағы бір ерекше тоқталғаны «Біз басқа халықтардың рөлін төмен­де­тіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсе­тейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене оты­рып, жаһандық тарихтағы өз рөліміз­ді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіс­ екендігімізді көрсетті».

«Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасы мақаласы негізгі екі бөлімнен 

І. БӨЛІМ: ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ.

Бұл бөлімде біздің жерімізде материалдық мә­де­ниет­тің көптеген дүниелерінің пайда бол­ғаны, Қазіргі қоғам өмірінің ажы­рамас бөлшегіне айналған көптеген бұйым­дар кезінде біздің өлкемізде ойлап та­был­ғаны жайында қазақтардың арғы ба­балары ұланғайыр Еуразия құрлығын­да­ғы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертетін 7 бөлімнен:

  1. Атқа міну мәдениеті
  2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия
  3. Аң стилі
  4. Алтын адам
  5. Түркі әлемінің бесігі
  6. Ұлы Жібек жолы
  7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны атты негізгі жеті бөлімнен тұрса,

ІІ. БӨЛІМ: ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ атты екінші бөлімде көтерілген мәселелерді жан-жақты ой еле­гінен өткізіп, терең зерделеуді талап ете­тіні. Халқымыздың дүниетанымы өткені мен бү­гі­ні­нің және болашағының іргелі негіз­де­ріне тікелей қатыстылығы баяндала отырып, бұл жұмыстарды бірнеше ірі жобалар ар­қылы бастап іске асыруға болатынын Елбасы нақты көрсетіп берді.

  1. Архив – 2025
  2. Ұлы даланың ұлы есімдері
  3. Түркі әлемінің генезисі
  4. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі
  5. Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы
  6. Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі

Мемлекет басшысы - Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев толғамды тарихи мақаласында әр елдің өзінің өсіп-өркендеу жолы болатынын айта келе, өз еліміздің одан ары жаңғырудағы ұлттық кодынсыз өркениетке жетудің мүмкін еместігіне ерекше тоқталды.

    Еліміз егемендік алғаннан бергі кезеңде экономиканы дамытуды басты бағдар етіп ұстай отырып, рухани жаңғыруды да естен шығармады. Елбасының тапсырмасымен жүзеге асырылған «Мәдени мұра», «Халық – тарих толқынында» бағдарламалары арқасында ел аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандар түгенделіп, қайта жаңғыртылды.

   Шекарамен шектескен өңірлерді қайта қалпына келтіру, эканомикасын көтеру, шекара қорғанысын нығайтуды  негізге алап отырып, Елбасының бастамасымен  21 жылды артқа тастап Райымбек ауданы мен Кеген ауданы  өз еншілерін алып бөлектенді. Бұл да бір аудан үшін жақсы жаңалықтарға толы, тарихи оқиға. Шекараның шетінде, желдің өтінде орналасқан Райымбек ауданының жұртшылығы үшін еншілеген ауданның ертеңі зор мүмкіндікке толы. Бүгінде тозығы жеткен аудан жанданып, ескі ғимараттар жаңартылып, жан бітті, жұмыс өтілі молайып, биылғы жылды Елбасымыз «Жастар жылы» деп басымдық берген жастарымыз қайта түлеген ауданымызға ағылып, жағдай жақсара түсті. Бұл да бір ел үшін, аудан халқы үшін қуаныш, зор мерей десек болғандай. Былтырғы жылдың өзінде Жолан Омаров басшылық еткен жаңа түлеген ауданда 20 үй салынып, пайданауға берілсе, алдағы жылы тағы да  110 үйдің құрылысы қолға алынып, баспанамен қамтамассыз етілмек.  Сондай-ақ, тағы айта кетер жай биыл Райымбек ауданының шаруалары картоптың бұрын соңды болмаған өнімділігіне қол жеткізді. Мәселен, «Мирас» шаруа қожалығы әр гектарынан 500 центнерден өнім жинап, яғни 1 гектар алқаптан 50 тоннадан өнім алып отыр. Бұл осы күнге дейінгі картоп өсіруге  бейімделген ауданның тарихтағы бұрын-соңды болмаған рекорды. Елбасы Н.Назарбаевтың  Жетісудың ауылшаруашылығы саласының әлеуетін арттыру тапсырмасына сәйкес осы бағытта шаруаларға мемлекеттен жан-жақты қажетті қолдау көрсетіліп жатқаны белгілі.

    Ауданымыз ертеден малшаруашылығымен етене араласқан. Елбасымыз мақаласында қозғап өткен жылқы шаруашылығыда кең етек алып, өркендеп келеді. Елбасының қолдауымен жері шұрайлы жер жәннаты аталған осынау табиғаты бай өлкенің шөбі шүйгін, құнарлы, тіпті ауасы мен  суы да мөлдір. Осынша Алла берген байлық пен табиғаттың әсемдігі оның бар құндылығы ел ертеңіне үлесін қосып, өнімділігін танытса игі іс емес пе?!  Мысалы малшаруашылығының белең алып, өркен жайуы  2011 жылы «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» ұлттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Кеген-агро» ЖШС шаруашылығы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке Герефорд тұқымының 376 бас ІҚМ сатып алған болатын. Өткен кезеңде шаруашылықта бұрын әкелінген малдан ендігі екі ұрпақ алынған. Бүгінгі таңда шетелдік малдан өнген төлдің саны Канададан әкелінген сиырлардың санынан ендігі асып түсіп, 400 асыл тұқымды төлдің басын құрайды, олар қазір Қазақстанның ішіндегі өзге шаруашылықтарға ойдағыдай сатылуда. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы іске асырылған репродуктор фермасы жобасының жалпы құны 370 млн. теңгеге жуық. Асыл тұқымды мал лизингін қаржыландыру талаптары – 9 жыл мерзімге жылдық 4 %-бен. Асыл тұқымды шетелдік ІҚМ басқа, шаруашылық бүгінгі таңда қазақтың асыл тұқымды жылқыларымен, қазақтың қазақы қылшық жүнді тұқым қойларымен және қазақтың ақ бас тұқым ірі қара малдарымен мақтана алады.  Тек қана осы 2013 жылдың өзінде елімізге «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы ет және сүт бағытындағы 10 000 бас асыл тұқымды мал әкелінген. «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен елімізге шетел селекциясының 27 000 бас ІҚМ әкелінсе, жалпы, 2011-2013 жылдар аралығында республика аумағына 38 мыңнан астам асыл тұқымды мал әкелініп, оның 30,4 мыңы «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниялар тобының несие ресурстары есебінен импортталды.

Сондай-ақ, Елбасының бастамасымен, Үкіметтің қолдауымен әлемдегі ең беделді деген мұрағаттардан халқымыздың төл тарихына қатысты құажаттар табылып,  зерделеп-зерттеліп халыққа жеткізілді. Президентіміздің сындарлы саясатының арқасында елімізді әлем таныды, дүниежүзі мойындады.

Ендігі кезде осы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра отырып, бұрынғыдан да ауқымды әрі іргелі істерді жүзеге асыратын уақыт келгенін осы мақаладан тағы да бір ой түйе отырып, зер салдық.

Алып бәйтеректің жайқалып өсуі тамырынан нәрленуіне байланысты. Соған сай  халық та өткенінен өнеге, сабақ алады. Замана көшінен қалыспай, әлемдегі бәсекеге қабілетті болу үшін бай тарихымыздың тереңінен бастау алатын ұлттық мәдениетімізді сақтап қана қоймай, тиімділікпен пайдалана білгеніміз абзал.

Оқып және талқыға салып, бір ауыздан құптап, қолдау көрсеткен бағдарламалық мақаланың бір сәтте миллиондардың жүрегінің төрінен орын алып, қалың бұқараның жаппай қолдауына ие болуы онда айтылған Елбасының әрбір сөзі мен тұщымды ойы мемлекетіміз, халқымыз үшін аса маңызды екенін аңғартады.

     Сонымен бірге Елбасының елі мен жерінің ертеңі үшін белгілеп берген сара жолдарын халыққа дер кезінде жеткізіп, түсіндіру бғытында Сіздер мен біздер бірлесе отырып жүзеге асыратын боламыз,-деп сенім білдіремін.

Елбасы бұл жолы да өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы арқылы қазақ халқын алыс-жақын шет елдерге тағы бір мәрте айқын дәлелдеді.

Ескіні қия алмай, жаңаны қабылдай  алмай жүргендерге ой салатын  батыл байлам.

Өйткені, ой озат болмай сана азат болмайды.  Басынан ешқандай қиындық өтпеген елдерде даму қарқыны жоғары шығар. Сол себепті өзге дамушы мемлекеттерге үстемдікпен қарайтын болар.  Дегенмен, олардың басым бөлігінде руханияттың кемшін екенін естіп те, көріп те жүрміз. Материалдық игілікті емес, руханиятты ту еткенде ғана  елдің мерейі үстем болады. Елбасы осының бәрін ақыл таразысына салып, еліміздің үшінші яғни рухани жаңғыруы мен білімді ұлт, бояу-болмысын жоғалтпаған жұрт атануының дара жолын нұсқады.

Жоғарыда айтқанымдай реті келгенде тағы да айта кетейін, біздің Райымбек, Кеген аудандары шын мәнінде атағы тым-тым алысқа кеткен тарихи құндылығына толы өлке. Табиғаты таңғажайып. Суы мөлдір, ауасы тұнық. Тастарына ежелгі жерлестеріміздің қолтаңбалары қалған өңір. Шын мәнінде ежелгі Үйсіндердің мекені. Әйгілі Қарқара жері де құндылығына толы. Мұнда 1916 жылғы Ұлт азаттық көтерілісі, Қарқара көтеріліс болған. Халықаралық маңызы зор Қарқара жәрмеңкесінің орны қалған. Сол атақты жәрмеңке арқылы өңірімізден Ұлы Жібек жолының бір соқпағы өткені. Мұны тарихты зерттеуші ғалымдар дәлелдеп, кітаптарында қалдырды. Елбасымыз аутқан қызғалдақтардың бір Отаны дәл осы таулы өлке болып табылады. Жаз маусымында кең дала төсіне, таулардың беткейлеріне, ормандардың ішіне, қырқа-қырқаға қызғалдақтың неше түрі қаптай өсіп, көздің жауын алып тұрады. Сол үшін де туған өлкемізбен мақтанып, мерейленіп тұрамыз. Біздің Кеген ауданындағы Алғабас өңірі де толықтай зерттеуді қажет етеді. Түрлі қазба жұмыстары кезінде қасына қару-жарақтары, қылышы мен қанжары қатар жерленген ірі, денелі, сүйекті батыр баларымыздың сүйектері, ежелгі заманға тиын-тебендер, ыдыс-аяқтар табылып жататын өңірдің сыры қатпарлы деп білеміз. Өз тұсында Жалаулы ауылының маңынан алтын табылғаны белгілі. Райымбек ауданындағы Жарқұлақ өңірінен алтын қазылып алынуда. Ойқарағайдан ашылған көмір кенішіне де жиырма жылдан асты.

Қорытындылай кетсем, баяғы бабаларымыз алыс сапар шеккенде, беліне туған жердің бір уыс топырағын түйе кететін.  Өйткені, оған ата-бабасының, ұлтының ұлы адамдарының қаны мен тері тамған, мақсаты мен мұңының үні қалған. Сондықтан тарихи жадыны оятып, ұлы даланың жаһандық тарихтағы жәдігерлерін, туған елдегі киелі ғимараттар мен қасиетті қорым, қоныстарға баса назар аударуды жаппай құптаған жөн.

Елбасының осы мақалада айтылған мына сөзімен аяқтасам «Төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады деп сенемін. Өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту – елі­міз­дің табысты болуының кепілі деге­ні­міз осы».

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары