Сахнада — ұстаз-аналар

«Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен» ана туралы ән де, жыр да, жылы сөз де таусылған ба?! Таусылмағаны сол, халықтың «Әке ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» деген тәмсілі, ақын Оспанәлі Иманәлиевтің:
– Бөбегің оянса,
Ұйқыңнан мың тұрдың.
Гүліңмен балауса,
Көктемдей құлпырдың, – деген сөзіне сазгер Ескендір Хасанғалиевтің жазған әні сол аналарды бақытқа кенелтіп тұрғандай.

«Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен» ана туралы ән де, жыр да, жылы сөз де таусылған ба?! Таусылмағаны сол, халықтың «Әке ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» деген тәмсілі, ақын Оспанәлі Иманәлиевтің:
– Бөбегің оянса,
Ұйқыңнан мың тұрдың.
Гүліңмен балауса,
Көктемдей құлпырдың, – деген сөзіне сазгер Ескендір Хасанғалиевтің жазған әні сол аналарды бақытқа кенелтіп тұрғандай.
Сөз жоқ, тап 8 наурыз күні бабамыз Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның он бірдей ару-мұғалімі сахна төрінен табылып, өнерін паш еткенде біздің де жанымыз жадырап сала берген.
Сонда, бауыржандық оқушылар да (кешегі өткен «Парасатты ару» байқауында өнер көрсеткен алты қызды айтамыз), алдының үш, соңының бір баласы бар он келінді де хас сұлудың өзі дедік. Олардың сымбаттылығы, білімі, ұлттық салт-дәстүрді сақтауы, өнері, бәрі-бәрі жарасымын тауып жатқандай көрінген. 
Мектеп директоры Салтанат Жігітекова басшылық еткен қазылар алқасының мүшелері (осы мектепте кезінде ұстаздық еткен бір топ ардагер-мұғалімдер) «Инабаттылық бойына дарыған» (таныстыру), «Анадан тәлім алған келін» (қолөнер), «Келін – үйдің көркі», «Ас – адамның арқауы», «Келіннің қолы шебер» (қамыр жаюы) бөлімдері бойынша сынға түскен келіндердің қарым-қабілетіне баға берді. Нәтижесінде, Жанар Жәнібекова бас жүлденің иегері атанса, бірінші орын Гауһар Байкееваға берілді. Екінші орын Аида Есіркеповаға тиді. Үшінші орыннан Мөлдір Сексенбаева мен Жанар Сейдуалиева көрінді. Ал, Жансая Кеңесбек байқаудың «Сымбатты келіні» атанды. Өзгелер де түрлі номинацияларды иеленді.
– Барша қатысушыларға алғыстан басқа айтарым жоқ. Бүгінгі шараға мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қайрат Отарбаев демеушілік көрсетіп, сахнаға шыққан жас аналарға бағалы сыйлықтар ұсынды, – деді жарыс соңында Салтанат Рахметханқызы.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары