Рухани жаңғыру – жастар таңдауы

Жуырда Шайқорық ауылдық кітапханасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Рухани жаңғыру – жастар таңдауы» атты пікір алмасу кеші өтті. 

Елбасы мақаласының түп мақсаты халыққа арналғанымен, соның ішінде жастарға деген үлесі басым. Пікір алмасу кешінің мақсаты – жастардың бойында ұлттық сананы ояту, ұлттық рухты сіңіру. Мақалада кездесетін «бәсекелестік», «білім», «ғылым», «тұтастық», «ұлттық код» сынды сөздердің жастар үшін маңызын насихаттау аясында оларды алға жетелеу.
Шара барысында ауылдық кітапхананың меңгерушісі Жанат Ақшалова әрбір қазақстандық жас осы мақаладағы көрсетілген міндеттер мен тапсырмалар негізінде жұмыс жасауы керек екендігін атап өтті. Ал, «Ар-рашид руханият» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дамир Ташқараев өзінің ел игілігі жолында атқарып жүрген жұмыстарына тоқталып, ауыл жастарының Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, еңбекке баулу әрбір азаматтың басты міндеті болу керектігін тілге тиек етті.
Жиында жастар бір-бірімен пікір алмасып, кеш қонақтарына көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, нақты жауаптар алды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары