Рухани кемелденудің жолын көрсетті

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы халқымызға рухани кемелденудің жолын көрсеткен бағдар екеніне күмәнім жоқ. Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай болып отыр. 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы халқымызға рухани кемелденудің жолын көрсеткен бағдар екеніне күмәнім жоқ. Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай болып отыр. Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білікті мамандар мен білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себепті Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндетті айқындап берді. Аталмыш мақаладан бастау алатын «Туған жер» бағдарламасы қазақ деп көкірек ұрған азаматтарды өзінің туған жерінің гүлденуі үшін үлес қосуға үндейді. Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бастаманың маңыздылығы айтпасақ та түсінікті.
Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы елжандылық сезімді дамытып, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушы бойына сіңіруде.
Ең бастысы – жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар тәрбиесіндегі бұл ұстаным – өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз, пікір бостандығын сездіртуге, олардың ұстанымдарымен санасуға жол ашады.
Елбасының: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген махаббаттан басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын», – дегені жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс деп білемін. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру – баршамыздың міндетіміз. Кең қолдауға ие болған бұл бастаманың ең негізгісі – ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу, құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте Елбасы: «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек», – деп атап көрсетті.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары