ПОЭЗИЯ КЕШІ ЖЫР АЛЫБЫНА АРНАЛДЫ

Жуырда Жалпақтөбе ауылдық Мәдениет үйінде «Жамбыл – жырдың жауһары» атты өзге ұлт өкілдері арасында поэзия кеші өтті.

Жуырда Жалпақтөбе ауылдық Мәдениет үйінде «Жамбыл – жырдың жауһары» атты өзге ұлт өкілдері арасында поэзия кеші өтті. Жыр алыбына айналған Жамбыл Жабаевтың шығармаларын кеңі­нен насихаттау, өлеңдерін мәнер­леп оқуды мақсат еткен сазды кешті ұйымдастырған аудандық Мәдениет үйінің директоры Индира Тоғанбаева салтанатты шараның ашылуында сөз алып:
 – Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жырдан моншақ тізген Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өту қажеттігін айтқан болатын. Осы орайда ауданымызда іс-шаралар жоспары бекітіліп, бастау алып кетті. Бүгін аудан өнерпаздарының өнерін тамашалаумен бірге, өзге ұлт өкілдерінің ақынға арнаған өлең-жырларына құлақ түретін боламыз, – деді.
Танымдық шара «Дарын» халық театрының «Сүйінбайдың Жамбылға сыйы» атты театрландырылған қойылымынан басталды. Мұнан соң Жәнерке Ерғара «Әгугай», Жақсылық Қалтешов «Менің пірім Сүйінбай», Мухаббат Алеханова «Бұрымға», Роза Майорова «Менің өмірім», Баси Ибрагимова «Аттандыру» өлеңдерін кемеліне келтіре орындаса, кеш Есім Үрпековтің орындауындағы «Ел айырылған» күйімен түйінделді.
Поэзия кешінің соңында ауыл тұрғындары іс-шарадан алған әсерін жеткізіп, ұйымдастыру алқасына алғысын білдірді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары