Мәдениет

БҰҚАР ЖЫРАУ ТОЛҒАУЛАРЫНДАҒЫ ЕЛ БІРЛІГІ МӘСЕЛЕСІ

Кез келген тарихи тұлғаның тарихтағы орны мен атқарған қоғамдық-әлеуметтік миссиясын сөз етер тұста оның өмір сүрген уақыты мен сол уақыт аясында туындаған келелі, күрделі, маңызды мәселелердің шешіліміне қосқан үлесі алдымен назарға алынатыны белгілі. Қазақ хандығы құрылып, Орталық Азияны мекен еткен халықтардың саяси өмірінде айтарлықтай өзгерістер болып жатқан тұста Асан жырау мен Қазтуған жырау есімдері ауызға алынды. Одан беріректегі тарихи жағдайлар да ел билеуші хандармен қатар ел ісіне араласқан жыраулар мен билерді тарих сахнасына алып шықты. Сөз жоқ, бұл кезеңдердің күрделі мәселелері жетіп артылатын.

24 апреля 2018, 10:49
Ақтоғай театрының абыройы аласармайды

«Ажар мен ажал» спактаклі сахналанады

20 апреля 2018, 16:08
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«Нұр Отан» партиясының Жезқазған қалалық филиалы ғимаратында Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

20 апреля 2018, 11:53
ЖАҢҒЫРУҒА БАСТАҒАН ЖҮЗ ОҚУЛЫҚ

Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы негізгі міндеттердің бірі әлемдік деңгейдегі үздік ғылыми-философиялық 100 оқулықты қазақ тіліне аудару болатын. Осы игі істі қолға алған «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры алғашқы 18 оқулықты аударып, жақында ол кітаптар Мемлекет басшысына таныстырған болатын.

20 апреля 2018, 10:47
МАХАББАТ МЕРЕКЕСІ

Қазақ халқында махаббат сезімінің тазалығын дәлелдеген дастандар, жыр-қиссалар өте көп. «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмалары – адам көңіліне ерекше серпіліс берген тамаша аңыздарға айналғанына не бір заман өтті ғой...

18 апреля 2018, 11:48
АРДАГЕР АҒА ҚОЛТАҢБАСЫ

1915 жылдың тамыз айында бүгінгі Целиноград ауданының Антоновка (Опан) елді мекенінде туған. Әкеден ерте айрылған бала заман ауыртпалығын бір кісідей көтере білді.

18 апреля 2018, 11:40
ЖАСАЙ БЕР, «САРЫАРҚАМ»!

Жезқазған өңірінің бетке ұстар газеті «Сарыарқа» мен үшін үнемі бірінші орында. Басқа да өңірлік газеттермен ақпарат айтыдында үздіксіз шығып келе жатқан басылымға көптеген аға-апаларымыз еңбек сіңірді. Биыл аймақтағы қарашаңырақ басылым өзінің 45 жылдығын атап өткелі жатыр екен. Осы орайда өмірімнің ерекше сәттерін өткерген, еңбек жолым басталған, журналистикаға қадам жасауыма қолдау көрсеткен газетім жайлы менің де айтарым бар...  

13 апреля 2018, 11:24
ГАЗЕТ ТАРИХЫНАН: ЖЫЛДАР. ОҚИҒАЛАР...

«Жезқазған туы» — жаңадан құрылған облыстың қоғамдық-саяси газеті ретінде 1973 жылдың 13 сәуірінен шыға бастады.

12 апреля 2018, 16:38
«Сарыарқа» – менің мақтанышым

Облыстық «Жезқазған туы» газетіне деген ыстық ықылас, балалық қызығушылық менің бойымда сонау ертеден қалыптасты десем артық айтқандығым болмас. Өйткені, әкем Алдажұман Транов облыстық «Жезқазған туы», аудандық «Ұлытау өңірі» газеттерін  үзбей жаздырып алдыратын. Осы екі  газеттің тұрақты оқырманы болған әкем жастардың жақсы істері жайлы мақалалар шығып жатса, бізге де оқытып қоятын. Ұзақ жылдар ауылшаруашылығы саласында табысты еңбек еткен әкем жайлы мақалаларды да алғаш рет осы газеттерден оқып, мақтаныш сезіміне бөлендік. Сол кездері көңіл түкпірімде газеттің қалай шығатынын көрсем ғой шіркін деген арманның ұшқыны пайда болған еді...

12 апреля 2018, 16:29