«Туған жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Родина ауылдық округінің Зеленый Гай елді мекенінде жаңа мәдени-сауықтыру кешені бой көтерді.
Жуырда Бектөбе ауылдық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қоңыртөбе, Жасөркен, Бектөбе ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» шығармалары бойынша «Дара тұлғалар» атты ашық сұхбат алаңы өтті.
Жуырда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында аудандық орталық кітапханада «Кітап – тарихи мұра, асыл қазына» тақырыбында кітап тұсаукесері өтті. Шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев, тарихшы Алтынхан Сапарбеков және аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қалисаева қатысты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Мерейлі отбасы» конкурсы биыл елімізде бесінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Осы жылдар ішінде бұл байқау көптеген үлгілі отбасыларды елге танытты, мерейін үстем етті.
Еліміз егемендігін алған ширек ғасырдан астам уақыттан бері қыруар жетістікке жетті. Спорт, мәдениет, экономика, тағы қандай сала болмасын татулық пен салиқалы саясаттың арқасында қазақ алмаған қамал жоқ. Ширек ғасырдан бері дамудың даңғыл жолына түскен қазақ елінің жаңғыратын уақыты келді. Сол үшін де Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Бұл мақала барша қазақстандықтың жүрегіне жетіп, рухын оятты.
Аудандық Мәдениет үйінде республикалық «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өтіп жатқан Қазақстан Республикасының астанасы-Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуге арналған «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылығы байқауының гала концерті өтті.
Мемлекет басшысы алға қойған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына сәйкес қазақ тіліне 18 кітап аударылғанын жұртшылық жақсы біледі. Үстіміздегі жылғы 12 сәуірде қазақ тіліне аударылған кітаптармен Елбасы танысқан болатын. Қазірде «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры аударылған 17 оқулықты тарату жұмыстарын жүргізуде.
«Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз... Бұл — білім салассындағы жаhандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз».
Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасынан
Сырым аудандық С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі Астана қаласында «Рухани қазына-2018» атты мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің І фестивалінде жеңімпаз атанды.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов 3-4 маусым күндері Жезқазған қаласына жұмыс сапарымен келіп, қалада атқарылып жатқан жұмыс жағдайымен танысты.