Мәдениет

Жеңіс Күні – өшпес ерліктің, даңқтың салтанаты

Жеңіс Күні... әртүрлі ұлттардан, миллиондаған адамдардан тұратын көптеген мемлекеттер үшін ең маңызды, ең  ұлы мерекелердің бірі болып табылады. Осы елдердің тұғындары  Жеңіс күнін 73-ші рет атап  өту, әлемді  ең  қатерлі  зұлымдықтан  құтқарып қалған әкелері мен аталарына, таныс-бейтаныс жауынгерлерге  құрмет көрсетіп, тағзым жасау  мақсатында көшелерге, алаңдарға,  демалыс  алаңдарына, басқа да   қасиетті жерлерге шығады. Тағдыр сағаты келіп, Отан көмекке шақырғанда олар бір адамдай елдерін  қорғауға  көтерілді.  Жастар және егде тартқан тұрғындар, ерлер мен әйелдер, туған жердің әр бөлігін басқыншылардан   қорғауға  шықты, тылда аянбай еңбек етіп,  майдан даласындағы  жауынгерлерге   жеңісті жақындатуға  атсалысты. Олар марапат, даңқ үшін емес  еліміздің бостандығы, болашақ  ұрпақтың аспаны ашық болуы  үшін күресті...

14 мая 2018, 09:48
АБЫЛАЙ ДӘУІРІНІҢ АЙНАСЫ

Бұқардай жырауы ғұмыр кешкен қазақ ғасырын – тарихтағы дана дәуір дер едім...

11 мая 2018, 16:33
БАҚЫТЫ ЕР ЖІГІТТІҢ ЕЛ ІШІНДЕ

Белгілі қоғам қайраткері, өлке тарихында із қалдырған тұлға Мәкен Төрегелдиннің туғанына биыл 95 жыл толды. Ұлытау-Жезқазған өңірінің 3,5-4 мың жылдан бері үзілмей келе жатқан индустриялық мәдениетін жинақтап, өзі іргесін қалаған музейге 2015 жылы Мәкен ағаның есімі берілді. «Сарыарқа» оқырмандарына Мәкен Төрегелдиннің ең соңғы жазбасын ұсынып отырмыз. Мақала 2006 жылы 24 шілдеде облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде жарияланды. Сол жылы желтоқсанда Мәкен аға дүниеден өткен еді.

11 мая 2018, 14:39
Дін тақырыбында пікір алмасты

Қарағанды облыстық дін істері басқармасының тапсырысымен Жезқазғандық журналистер мен белсенді әлеуметтік желі қолданушыларына арналған семинар өтті.

11 мая 2018, 14:28
есте сақтаймыз, мақтан тұтамыз, тағзым етеміз

Явленка ауылында Ұлы Жеңіс күнін атап өтті. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына арналған салтанатты митинг «Болашақ» орталық саябағында болды. Іс-шараға аудан тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ тыл еңбеккерлері мен аудан орталығы ұйымдарының еңбек ұжымдарының өкілдері жиналды. Есілдіктерді осы айтулы күнмен құттықтауға аудан әкімі Мұратбек Әбішев келді.

11 мая 2018, 11:54
Майдангерім, ерлігіңе мақтанам! Дүниені зұлымдықтан сақтаған.

9 мамыр күні елімізде Жеңіс күні атап өтілді. Адамзаттың басына төнген алапат соғыстың аяқталғанына биыл 73 жыл толып отыр.

9 мая 2018, 16:30
Тіл білу – заман қажеттілігі

Елбасы Н.Назарбаев 2006 жылдың қазан айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. 2007 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» атты жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды ұсынған болатын. Қазақстандағы бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Ол үшін мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі, ұлтаралық тіл-орыс тілі, бүкіл әлемдік экономикаға кірігу тілі-ағылшын тілі деген маңыздылықпен «Тілдердің үштұғырлығы» жобасы қолданысқа еніп отыр.

4 мая 2018, 19:48
100 жаңа оқулық: АУДАРЫЛҒАН КІТАПТАР МАМЫРДА КІТАПХАНАЛАРҒА ТҮСЕДІ

«100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде аударылған кітаптар мамыр айында кітапханаларға таратылады, деп хабарлайды Baq.kz.

4 мая 2018, 19:36
ЖАҢА ӘЛЕМГЕ ЖОЛ АШАДЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан бастау алған латын әліпбиіне көшу мәселесі бүгінде өзінің логикалық шегіне жетті. Осыған дейін ел болып әліпби нұсқаларын талқылап, тілші ғалымдардың, әр сала мамандарының, қарапайым азаматтардың ұсыныс-пікірлері жинақталды.

4 мая 2018, 19:22
«ЕЙ, АЙТАШЫ, АЛЛАНЫ АЙТ!»

Сонау 1992 жылы Алматыдан шыққан II том ақын-жыраулар жинағы осы біздің тақырыбымызбен таңбаланыпты. Бұрын аса мән бермеген едік. Енді ес кіргелі соның мәніне үңілуге талпынған түріміз осы. (Бұрын бұл жинақ «Бес ғасыр жырлайды» боп шыққан).

Бұл жинақта Асан қайғыдан бастап барша жырау ақындар қамтылғандай. Соңы Сұлтанмахмұтпен нүкте қойылады. Барлығы сексен сөз сойыларының жыры басылған.

Бұқар бабамыздың «Әй, заман-ай, заман-ай, Түсті мынау тұман-ай»-деп басталатын толғауы сол өз уақытында қандай мағына бергені бізге тұңғиық демей-ақ, бүгінгі күнде де көкейге шер ұялататын гәп екені анық.

4 мая 2018, 18:45