Мәдениет

Жамбылдық жастар жарады

Тараз қаласы «Jastar» қабілет орталығында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Ғылым таппай мақтанба» атты дельфийлік ойындар мен «Мәңгілік ел тұлғалары» тақырыбында эссе жазудан облыстық байқау ұйымдастырды. Байқауға қатысқан ауданымыздың жастары жүлделі орындарды еншілеп қайтты.

12 августа, 11:54
Ұлт болашағын ұлықтаған бағдарлама

«Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында осылай дейді. Рас, рухани жаңғыру бүгін басталған жоқ. Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен 2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асты.

12 августа, 11:51
Мерейіміз өскен күн

«Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели ел ішінде үлгі тұтар тау тұлға болса, біз үшін Абай да  сондай.

12 августа, 11:50
Ақын шығармалары — ұлт шырағы

Күні бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде «Абай – рухани реформатор» атты мақаласы жарық көрді. Мақаладан түйгенім, той тойлау мәре еместігі, ақынның рухани мұрасын танып-білудің маңызына мән бергенін аңғардым. Бастысы, Мемлекет басшысы Абайдың мерейтойы біркүндік шара еместігін, қазақ ұлтының кемелдену жолындағы шамшырағы екенін қозғады.

12 августа, 11:43
«Масат» дарындылар клубы ашылды

Жуырда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жерге тағзым» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Кітап – дәуірлер шамшырағы» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті.

5 августа, 10:19
Құрбан айт — қайырымдылық мейрамы

Құрбан айт мейрамы Ораза айтынан 70 күннен кейін Зулхиджа айының 10 күні басталады. Григориан күнтізбесі бойынша бұл күн биыл 31 шілдеге келіп отыр. Ал қажылыққа аттанғандар Арафа жотасында 30 шілде күні құлшылық етеді. Сондықтан бұл күн «Арафа күні» деп аталады. Қажылыққа бармағандар осы күні ауыз бекітіп, ораза ұстаса, Алланың ризалығы үшін жағымды амал болып саналады. Әбу Қатадан қалған хадисте: «Арафа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат (кешірім) болады...» делінген.

30 июля, 09:43
Президент мақаласы — парасатты пайымдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған алғашқы Жолдауында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтетінімізді, мерейтой барысында ысырапшылдыққа жол бермей, ғұлама тұлғамыздың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз керектігін айтқан болатын. 

25 июля, 09:34
Құндылықтардың қадірін білейік

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы – ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. 

18 июля, 16:57
Қазақтар – Алтын Орданың заңды мұрагері

Ел тарихын насихаттап, болашақ жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді сіңіру біздің борышымыз деп білемін. Осы орайда Алтын Орда тарихына көз жүгіртсек… 

18 июля, 16:53
Қазақ тілінің келешегі үшін кажет

Әлемдік мәдениетпен тереземіз теңесу үшін қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңыздылығы зор. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және келешекте барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар осы қаріппен жазылуы тиіс екенін айтқан болатын.

15 июля, 09:16

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары