Әз Наурыз, әуен наурыз, әзіз наурыз деп қазақ халқы бұл мерекені о бастан Ұлы күнге балаған.
Ғасырлар бойы бейбітшілікті ту етіп келе жатқан Наурыз мейрамы – елімізде мекендейтін барлық ұлт пен ұлыстардың ортақ мерекесі, ырыс-құттың бастауы. Бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан, өзара тату тұратын біздің ауданның тұрғындары айтулы мерекені көтеріңкі көңіл күйде атап өтті. Барлығы ұлттық нақышта киінген. Ер азаматтар басына бөрік, үстіне зерлі шапан кисе, нәзік жандылар кимешекпен әдемі көрінді. Бір-бірін мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін, ақжарма тілектерін білдіріп жатты.
Баршаға белгілі, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы мәйекті ойдың төңірегінде «Мәдениет пен дәстүр – ұлттың генетикалық коды» деген тұжырым санамызда қалыптасып үлгерді.
Таяуда аудандық орталық кітапханада №1 орта мектеп пен кітапхана қызметкерлерінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Жуырда Жалпақтөбе ауылдық Мәдениет үйінде «Жамбыл – жырдың жауһары» атты өзге ұлт өкілдері арасында поэзия кеші өтті.
Халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі бүгінде әлем халықтарына мәлім. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз тағдырын туған халқымен байланыстырып, оның бар өмірін, биік мұратын, мұң-мүддесін жырына арқау етіп, дәстүрлі қазақ жырын жаңа дәуірдің талап-тілектеріне сәйкес жаңарта білді.
Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туылғанына 175 жыл. Осыған орай мектебімізде ақынның өмірін және шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында көптеген іс-шара өтуде.
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының кітапханасында «Жыр дүлдүлі» атты іс-шара өтті.
Жуырда Тараз қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысы өткен болатын.
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы құрметіне Шайқорық ауылдық кітапханасы ауылдық клубта мұғалімдер арасында «Қазақтың ұлы Жамбылы» атты шығармашылық сайыс ұйымдастырды.