Мәдениет

Елдік мұраттың айнымас темірқазығы

«Абай – елдік мұраттың айнымас темірқазығы» деген болатын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде. Темірқазық – түні бойы жарқырап жанып тұратын, қаққан қазықтай орнын ерекше сақтап тұратын «нұрлы жұлдыз». Темірқазық жұлдызының нұры басқа жұлдыздарға қарағанда молырақ. Өзіне қарап бағыт алған жолаушысын адастырмайтын «бағдар жұлдыз». 

26 августа, 09:22
МАҚСАТ-МҮДДЕЛЕР ТОҒЫСҚАН ҚҰЖАТ

Елбасы Н.Назарбевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – ел дамуының жарқын үлгісін көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Саяси құжатта сананы жаңғырту, ұлттық құндылықтарымыздың жаһандық сұраныспен үйлесім табуы, егемен елдің кемел келешегін қалыптастырудағы мақсат-мүдделер тоғысқан өзекті мәселелер көтерілген. Нұрсұлтан Әбішұлы өз еңбегінде жаңғырудың негізгі қызметін атап өтті. Ол: «Жаңғыру атаулыны бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды», – деген болатын. 

22 августа, 09:11
Ақынды ұлықтаған кеш

Қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы елімізде жоғары деңгейде насихатталуы тиіс. Бұл турасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі зор ықыласпен айтып отыр. 

22 августа, 09:10
ҰЛЫ ҰСТАЗДЫҢ ДАНАЛЫҚ ОЙ-ТОЛҒАМДАРЫ

Әлемнің екін­ші ұстазы атан­ған Әбу Насыр әл-Фарабидің бізге жеткен филосо­фиялық трактаттары ғылым­ның түрлі салаларында терең із қал­ды­руы­мен ғана емес, сонымен қа­тар даналық ой-толғамдарымен де бағалы. 

22 августа, 09:09
Ұлы ақын халқымен бірге жасайды

Өткен сәрсенбіде аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай мұрасы – ұрпаққа ұлағат» атты онлайн тағылым кеші өтті. Шарада ақынның қара сөздеріне иланып, көкірек көзді ашатын сәтті, нәрлі өлеңдерін талдап, әлем әдебиетін мол сусындатқан сырына қаныға түстік.

19 августа, 15:17
Алғыс хатпен марапатталды

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы Халықаралық жастар күніне орай «Жастарға қызмет көрсету орталығында» белсенді және қоғамдық іс-шараларға етене атсалысып жүрген аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы Тимур Тұрсынбековке Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің және аталған басқарма басшысының Алғыс хатын табыстап, жұмысына табыс тіледі.

15 августа, 12:08
Жүректен кіріп бойды алған

Бүгін, яғни, тамыз айының он бесінші жұлдызы – «Қазақ вальсінің королі» атанған ұлы композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Қазақтың бағына туған ұлы дарын иесі ұлтымыздың ән қоржынына ауыз толтырып айтарлықтай үлес қосқан. Оның шабытынан шыққан талай туынды қарапайым қазақты сазды әуенге бөледі. Сазгердің әрбір әнін сүйсіне тыңдамайтын адам кемде-кем шығар.

15 августа, 12:07
Кемелденуіміздің көкжиегі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай – рухани реформатор» атты мақаласы – салиқалы, асқан парасатты ой айтылған өте ауқымды еңбек, болашаққа жол сілтейтін бағдаршам. Президент бұл еңбегінде өзіне тән кемеңгерлікпен тың бағыт, соны идеялармен бөліседі. Осы тұрғыда бізге жаңа міндеттер ұсынылып отыр. «Ақынның баға жетпес мұрасын ұғындыру және оны дәріптеу – азаматтық парызымыз», – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы мақалада 4 мәселені, яғни, білім игеру, тәрбие, кәсіп игеру және ынтамақ мәселесін көтерді.

15 августа, 11:58
Ақыл-ойдың қайнар көзі

Абай Құнанбайұлы ұлттық мәдениетіміздің, ұлттық ой-жүйеміздің бойындағы булыққан қайнар бұлақтың көзін ашты. Бұған дәлел – әлеуметтік болмыс туралы терең ілімі. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай мұраларына, шығармашылығына ерекше назар аударуы бекер емес. Себебі Абай – өз заманының реформаторы, сондықтан қандай істе де болсын әділет пен шындыққа жүгінді. Ол – ел-жұртының өнер-білімге, мәдениетке ұмтылуына, гүлденуіне ерен еңбек сіңірген данышпан тұлға.

15 августа, 11:57
Жамбылдық жастар жарады

Тараз қаласы «Jastar» қабілет орталығында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Ғылым таппай мақтанба» атты дельфийлік ойындар мен «Мәңгілік ел тұлғалары» тақырыбында эссе жазудан облыстық байқау ұйымдастырды. Байқауға қатысқан ауданымыздың жастары жүлделі орындарды еншілеп қайтты.

12 августа, 11:54

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары