Мәдениет

Жаңа оқулық жасампаздыққа жетелейді

Жуырда аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Жаңа гумани­тарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша «Жаңғыру жемісі – 100 оқулық» тақырыбында сұхбат көрмесі өтті.

13 января, 10:45
Ұлттық сананы жаңғыртуға бағытталған

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. 

6 января, 11:40
Адамды шырқау биікке көтереді

Адам баласының алдынан күн сайын шешімі күрделі мәселелер көлденеңдеп шығып жататыны бар. Бұдан мұқалмай өту үшін рухани бірлік пен білім керек. 

22 декабря 2020, 12:20
БАҚЫТ КІЛТІН ҰСЫНҒАН ҰСТАЗ

Қазіргі заманда тарихи тамыры, рухы мықтылардың ғана болашағы барлығына көзіміз жеткендей. Тәуелсіз ел болған соң, шынайы тарихымызды түгендеуге, ұлттық идеологиямызды жасауға кірісіп жатқан жайымыз бар. Себебі, біз де өзге халықтар сияқты әлемдік тарихта, әлемдік өркениетте өзіндік орны бар іргелі мемлекеттердің біріміз.

22 декабря 2020, 12:19
Жастар мәңгілік елді жырлады

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деп ұлы Абайша пайымдасақ, күні кеше ғана атап өтілген Тәуелсіздік мерекесінде аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен жазба ақындардың жыр мүшәйрасында айшабибілік Елебек Нұрмаханбет, Ерназар ауылының жас ақыны Марғұлан Мәдібек, бектөбелік Алихан Яшар, айшабибілік бұрымды Айман Найзабаева және Түрксіб ауылының ақыны Салтанат Кусева жасындай жарқырап, жырдан шашу шашты.

22 декабря 2020, 12:14
Абайға хат

Абай ата,
Жүрегіңіз кеткен-ді жараланып,
Сөзіңізді түсінбей қара халық.
Мен енді сізге арнап қарт ғасырдың,
Көзіменен хат жазам қарап алып.

9 декабря 2020, 14:25
Біздің таңдауымыз – латын қарпі

Бүгінде күн тәртібіне қойылған ең өзекті, тағдыршешті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Тарихи тамыры терең тұғырлы тілімізді түлетіп, санамызды сілкіген, заманның өзі талап еткен бұл бастама көпшіліктің қызу талқысына түсті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын әліпбиіне көшу мәселесіне ерекше тоқталды. 

2 декабря 2020, 16:00
Абайдан абайтануға дейін

Биыл ұлтымыздың рухани көсемі, ұлт мақтанышы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы мемлекеттік, халықаралық деңгейде аталып өтуде. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты танымдық мәні бар көлемді мақала жазып, халықтың назарын ұлттық руханиятқа бағыттап отыр. Мемлекет басшысының Абай мұрасына ерекше мән беріп, оны тану мен таныту жолындағы қажетті алғышарттарды мемлекеттік деңгейде назарда ұстауы руханият майданында жүрген көпшілікті елең еткізгені анық. Мақала авторы ақынға байланысты ой иірімдерін бес бөлімге бөліп, таратып жазыпты. Абайдың мұраларын ұлттық мүдде тұрғысында саралай келе, оның қоғамдық салмағын мемлекеттік қажеттілік тұрғысында талдап көрсеткен.

2 декабря 2020, 15:58
Оюдың ата тегі – қошқармүйіз

Қолөнер – ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңнен тартқан халық мұрасы. Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі. Халық шеберлері ұлттық бұйымдарды жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Мысалы, «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «сынық мүйіз», «төрт құлақ», «түйе табан» және басқа элементтердің сантүрлі композициясын жасап, бұйымдарға ұтымды пайдаланып келеді.

25 ноября 2020, 13:13
АҚЫЛ-ОЙДЫҢ АЛЫБЫ

Қазақтың ортақ мақта­нышына айнал­ған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, философ, ғұлама Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылуда.  

25 ноября 2020, 13:11

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары