Отбасы- ең қасиетті құндылық

Халықаралық отбасы   күніне  арналған  шаралар     жоспары   шеңберінде    М.Ғабдуллин   атындағы   Зеренді   қазақ  орта мектебінің   мәжіліс залында   аудандық  Жастар орталығы   «Мерейлі отбасы»  тақырыбы бойынша,  отбасы   мәселелеріне  арналған   диалогтық   кездесу   өткізді.   Озиевтер   мен  Жолдығұловтардың  интернационалдық     отбасылары   мерекенің   құрметті  қонақтары  болды.   Озиевтер  отбасының   отағасы   Алиханның  ұлты ингуш, ол жеке  кәсіпкерлікпен  айналысады. Оның  жұбайы  көпбалалы  ана,  орыс   халқының   өкілі    Ирина  Александровна  «Айдабол спиртзауыты» АҚ    бухгалтер  болып   жұмыс  істейді. Қазіргі  кезеңде  балаға   күтім  жасау  демалысында. Ол белсенді  өмір салтын   ұстануда  және   көптеген   аналарға   үлгі болуда.   Озиевтер   отбасы   бес бала   тәрбиелеуде. Милана  -15,  Руслан-13, Элина-7, Рамиль-5  жаста   және   он   айлық  Алихан.

Аудан   орталығының    тұрғындары    ұлты   қазақ  Айбек  пен   неміс халқының өкілі   Дана   Жолдығұловтар   отбасылық   одақтарын   құрғандарына   екі  жыл  болыпты.  Олар  Арсен   есімді  ұлдарын  тәрбиелеуде. Араларында   егде тартқан   жандармен қатар   аудан орталығындағы    жалпы білім беретін   мекемелердің  жоғары  сынып   оқушылар   бар  қатысушылар    отбасы   мүшелеріне  төмендегідей: жұбайлардың қалайша  кездескендері, бес баланы тәрбиелеу қаншалықты   қиын, мектепті қай тілде бітірдіңіздер, өз тағдырыңызды   діні басқа   ұлт  өкілімен  байланыстыруыңызға  ата-аналарыңыз  қалай қарады, сіздердің   ойларыңыз бойынша   жас жұбайлардың   айрылысып  кету  себептері   неде, отбасының    тыныс-тіршілігіне    тікелей қатысты   ұлттық дәстүрлерді   қалайша   сақтайсыздар,  олардың    қайсысын  ұнатасыз, қайсы   танымды  деген, басқа да  көптеген     сұрақтар беріп, шын  ниеттерімен, ақжар- қын   көңілдерімен    тағылымдық  тұрғыда   берілген   жауаптарын  алып,  ризашылықтарын   білдірді.

Отбасы  мәселесі   бойынша  ой  бөлісу  еркін  диалог  түрінде  өтті.  Сөз кезегін   алған еңбек   ардагері, аудандық  Аналар     кеңесінің    төрайымы    Күләш  Рақымжанова   қатысушыларға   арнаған  сөзінде  отбасылардың  проблемалы  мәселелеріне,  олардың ішінде    жастар арасында жиі  неке   бұзу  жағдайларына   кеңінен      тоқтады.  Ол   статистикалық   мәліметтер    негізінде   отбасы   құрған  жастардың  50  пайызы  әртүрлі   себептермен     айрылысып    жатқандарын өкінішпен атап өтті. Осы   келеңсіз    құбылыстың   нәтижесінде  қоғам өкілдері  арасында   қарама-қайшылықтар туындап, олардың  соңы    балалардың  дүниеге  келуін  азайтып, демографиялық  жағдайға кері  әсерін    тигізуде.  Сондықтан да  осы     мәселе  бүгінде  аса  өзекті, қоғам мүшелерімен   қатар мемлекеттік органдардың  да   ерекше назар   аударуларын қажет  етуде.      

Медицина   саласының  ардагері   Тілекен  Төлебаев,   «Нұр Отан» партиясы   Зеренді   аудандық  филиалы  төрағасының   бірінші орынбасары    Бақытжан  Айдосова  және  тағы  басқа   жоғары буын   өкілдері,   жас отбасылар  мен   кездесуге  қатысушы мектеп    оқушыларына      отбасын  құру,  татулығын  сақтау   тұрғысында   ақыл  кеңестерін  беріп,   шағын   одақтың   беріктігін  сақтау  мақсатында, халқымызда ежелден   қалыптасқан,  отбасына    бағасыз құндылық   ретінде   қараған   салт-дәстүрлерін қайта   жаңғыртуға   аса назар    аударуға   шақырды.   

Мәдени-танымдық шараның  соңында,  аталып   өтілгелі отырған   мерекенің   құрметіне   Озиевтер  мен   Жолдығұловтар   отбасыларына   гүл  шоқтары сыйланып,   естелік   сыйлықтар  табыс    етілді.  Көптеген  мейірімге  толы    игі, олардың арасында     облыстық   айтулы   «Мерейлі  отбасы»  байқауында    ауданымыздың намысын   қорғау   мәртебесі    берілген       отбасыларға     сәттіліктер     тіленді. 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары