Өшпес мұра қалдырған

Ұлт ұлыларды тудыратын болса, ұлылар ұлт рухын асқақтатады. Бүкіл қазақ ұлты есімін ардақтаған сондай ұлылардың бірі – биыл туғанына 200 жыл толып отырған атақты күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлы. 

Осы оқиғаға орай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде сазгердің құрметіне «Дәулеткерей – сурет­кер күйші» атты сазды кеш өтті.
Танымдық кешті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жұлдызай Жарылқасын композитордың өмірбаяны, шығармалары, өнері жайлы дәріптеуден бастады.
Оқу залының кітапханашысы Нүрипа Манабаева сазгердің «Құдаша», «Қос алқа», «Ақбала қыз», «Жұмабике», «Көркем ханым» сынды керемет шығармаларында әйел образы жасалғанын айтты.
Кеш «Қазақтың дәстүрлі мың күйі» атты дискілер жинағынан сазгердің «Топан» күйі, «Өнер» мектебінің тәлімгерлері Серікболсын Әлімбай мен Ерқанат Жақсыбек орындаған «Түркімен» күйімен жалғасып, көрермендерді бір тебірентіп тастады.
Сазды кеш соңында кітапханашы Құралай Асхатаева «Дәулеткерей Шығайұлына – 200 жыл» атты көрмеге библиографиялық шолу жасады.
Дәулеткерей – ұзақ уақыт өмір сүрмесе де артына өлмес, өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы күйшілердің бірі.
Лирикалық күй жанрының негізін салып кеткен компо­зитордың атақ-даңқы уақыт алыс­таған сайын жақындай береді...

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары