ОЛАР МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУҒА АЙТАРЛЫҚТАЙ ҮЛЕС ҚОСТЫ

Аудан әкімі Мұратбек Әбішев Мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты іс-шара аудандық әкімдіктің кеңес залында өтті. Осы күні бұл жерге Мәдениет үйлерінің әртістерімен қатар кітапхана жүйесінің қызметкерлері, сондай-ақ тарихи-өлкетану мұражайының өкілдері де жиналды.

Кездесуді аша отыра аудан әкімі Мұратбек Әбішев мәдениет қызметкерлерінің еңбегі – маңызды және баға жетпес еңбек екендігін, өйткені олардың жасампаздық іс-әрекеттерінің және ынталарының нәтижесінде біздің ауданымызда мәдениеттің ары қарай дамуына іргетас қаланғандығын айтты.

- Бұл саланың маңыздылығын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та атап өтті, - деп жалғастырды сөзін Мұратбек Жапасұлы. - Өзінің 2013 жылғы 23 қарашадағы Жарлығымен 21 мамырды Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі деп жариялады. Сіздердің еңбектеріңіз өсіп келе жатқан ұрпақ үшін де маңызды мәнге ие. Өйткені балалар мен жасөспірімдерде алдыңғы кезекте өзіне деген жауапкершілік пен талғампаз қарым-қатынас қалыптасады. Бүгінгі күні ауданның мәдениет саласында көптеген дарынды және әуесқой адамдар еңбек етуде, солардың арқасында мәдени мұрамыз ұқыптылықпен сақталып, дәстүрлі түрде жалғасуда. Есіл жері мәдениет саласының көптеген атақты тұлғаларын өсіріп, өзінің бай тарихын әрдайым мақтаныш етуде. Бүгінгі күні сіздер де осы тамаша дәстүрді жалғастырып отырсыздар, облыстық және республикалық байқауларда қол жеткізген айтарлықтай жетістіктер мен табыстарыңызбен қуантудасыздар, бұл біздің ауданымыздың шығармашылық әлеуетін тағы да куәландырады.

Сондай-ақ Мұратбек Әбішев жақында өткен «Рухани қазына» атты мәдениет және өнер саласының ұйымдарының фестивалінің облыстық турына қатысқандарды да атап өтті. Жүлдегерлер арасында аудандық кітапхананың қызметкерлері және ауылдық Мәдениет үйлерінің әртістері де бар. Ал «Аудандық маңызды ең үздік мемлекеттік мұражай» номинациясында Есіл аудандық тарихи-өлкетану мұражайы жеңімпаз атанған.

Аудан басшысы ағымдағы жылдың соңына дейін мәдениет қызметкерлері өздерінің жаңа жетістіктерімен әлі де қуантатындығына сенім білдірді.

- Біз ауданымыздың мәдениетіне қамқорлық көрсетушілерге өткеннің мұрасына, өнерге, халық шығармашылығына, мұражай мен кітапхана ісіне деген қамқорлықтары мен ұқыпты қарым-қатынастары үшін алғысымызды білдіреміз, - деді Мұратбек Жапасұлы.

Аудан басшысы, әсіресе Есіл өлкесінің тарихына есімдерін мәңгі қалдырған мәдениет саласының ардагерлеріне ерекше алғыс сөздерін аямады.

Бұдан соң Мұратбек Жапасұлы салтанатты марапаттауға көшті.

Мәдениет және өнер саласының қызметкерлерінің кәсіби мерекесін мерекелеуге байланысты және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен көпжылдық еңбегі үшін аудан әкімінің Құрмет грамотасымен орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы Ольга Тананика, аудандық Мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Сандуғаш Қазымова және Ясновка ауылдық округінің Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Наталья Бельская, сондай-ақ аудан әкімінің Алғыс хатымен Жарғайың ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүльмира Сыздықова, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының есепшісі Гүл Жәменова және аудандық Мәдениет үйінің жүргізушісі Жанат Жантасов марапатталды.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңіс Кемелов аудан әкіміне осы мерекеге қатысқандығы үшін алғысын білдіріп, мәдениет қызметкерлерінің алдарына қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін бар мүмкіндіктерін салатынын айтты.

Кездесу соңында Мұратбек Жапасұлы келесі жылы бұл мерекені жаппай атап өтуді ұсынды.

Сондай-ақ бұл күні Т.Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебінде мәдениет мекемелерінің қызметкерлері арасында «Көңілді жарыстар» атты спорттық жарыстар да өтті.

 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары