Оқушылар өлең оқып, ән айтты

Ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев бала кезінен қиыншылық көріп өссе де, мойымай, өлең-жырға әуес болған. Алғашқы өлеңдерін он-он бір жасынан жаза бастаған. Көптеген тақырыптарға қалам тербеген.

Оның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналған. Ақынның өлеңдері күйзеліс пен қуаныштан, сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген.
Жуырда Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай кітапхана меңгерушісі Ләззат Қосаеваның ұйымдас­тыруымен жоғарғы сынып оқушылары арасында «Әлі талай жыр болып жазыларсың...» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқау өтті. Оқушылар «Ғасырда бір туатын дарабоз», «Жырлайды жүрек», «Әлі талай жыр болып жазыларсың...» атты үш кезең бойынша өнер көрсетті. Мұқағали ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып, сөзіне жазылған әндерді орындап, арнауларын оқыды.
Соңынан жүлделі орын алған оқушыларға тиесілі марапат табыс етілді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары