Облыстық байқауға жолдама алды

Осы айда облысқа қарасты барлық аудандарда «Men qazaqpyn» дәстүрлі әнші, күйші, термешілердің халықаралық телевизиялық байқауына іріктеу кезеңі басталды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – атадан балаға мұра болып қалған дәстүрлі ән-күйлерімізді, жыр-термелерімізді одан әрі да­мытып, өскелең ұрпаққа насихаттау, жас өнерпаздардың шеберлігін шыңдап, өнер мектеп­терінің таңдаулы туындыларын дәріптеу. Бұл байқаудың іріктеу кезеңінде үздік деп танылған өнерпаздар облыстық байқауға жолдама алады.

Жуырда аудандық Мәдениет үйін­де «Men qazaqpyn» дәстүрлі әнші, күй­ші, термешілердің халықаралық телеви­зия­лық байқауына аудандық іріктеу болып өтті. Іріктеуге қатысқан аудан өнерпаз­дары ән, күй, терме бағыттары бойынша өнер көрсетті. Аудандық Мәде­ниет үйінің үйірме жетекшісі Нұрлыбек Таласбаев, М.Төлебаев атындағы музы­ка мектебінің мұғалімдері Әлімбай Серікболсын мен Ерқанат Жақсыбек ірік­теуде өз бағыттары бойынша үздік деп танылып, облыстық байқауға жолдама алды.
Облыстық байқау 14 маусым күні Тараз каласында өтеді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары