НАУРЫЗДАҒЫ ТОСЫН СЫЙ

Целиноград ауданында 2017 жылдан бастап мемлекеттік және жеке кәсіпкерліктің негізінде бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысы басталды. Бұл жөнінде Көкшетау қаласында өткен қорытынды есептік жиында Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин хабардар етті.

Бүкілхалықтық Әз Наурыз мерекесі қарсаңында елордаға жақын орналасқан Отаутүскен ауылында 50 балаға лайықталған жаңа бастауыш мектептің ашылу салтанаты  болып өтті. Жаңа білім шаңырағының іргетасы  Осы Отаутүскен ауылының азаматы, жас меценат «Кокшетаужемчуг» ЖШС- бас директорының орынбасары Жәкенов Қанат Маратұлының бастамасымен қаланды.

    – Президентіміздің «Туған жер» бағдарламасы көпетен адамдардың көңіл-күйлеріне оң әсер етті, соның ішінде өзім де бармын, - деді Қанат Маратұлы салтанатты шарада сөйлеген сөзінде. Алғашқы кезекте мектепті шағын елді мекендерде салуды ойластырдым. Алдағы уақытта балаларға тағы бір тосын сый жасап, спорттық орталықты сыйға тартпақпын.

     Бұл орайда әрине  қысқа мерзімде жер телімін бөліп, құрылысты бастауға ықпал еткен аудан басшысы Малғаждар Тәткеев пен Шалқар ауылдық округінің әкімі Қайрат Нығметовтың аттарына жылы лебіз білдіре кеткен жөн.

    Отаутүскен аудан орталығы Ақмолдан онша қашық емес. Мүдделілік  танытқан азаматтар енді жаңа Мәдениет үйінің құрылысына да қаржы бөлуге  ынта білдіруде.

     Өткен күзде «Родина Агрофирмасы» ЖШС-нің бас директоры Иван Сауэр  бірқатар тал-ағаштардың көшеттерін тегін таратты. Жаңа  нысанның құрылысына ауыл тұрғындарының да белсене атсалысқандығын айта кету керек.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары