НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

Көктем мерекесі күні "бауырсақ-думан", "Қазақтың сүт өнімдері" байқауына қатысушылар ыстық бауырсақтар мен сүт өнімдерінің түрлерін ұсынды. 

Жарқайың ауданында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті. Ауданның әкімшілік орталығының орталық алаңында 4 киіз үй орнатылып халықтың әлеуметтік осал топтарына, көп балалы аналарға, қарт адамдарға қонақасы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ауданның ұйымдары мен кәсіпорындары ұлттық тағамдардың көрмесін ұйымдастырып, мерекеге жиылған қауымға қайырымдылық  дастарханын жайды. Аудан кәсіпкерлері мерекенің барлық қонақтарына ыстық палаудан дәм татқызды. Көктем мерекесі күні "бауырсақ-думан", "Қазақтың сүт өнімдері" байқауына қатысушылар ыстық бауырсақтар мен сүт өнімдерінің түрлерін ұсынды. 

Салтанатты бөлімде аудан әкімі Мұрат Балпан мерекенің барлық қатысушыларын құттықтап, мерекені ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар мен грамоталарды табыс етті.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары