Нағыз қазақ -қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра

Балаларымыздың және ата-аналарымыздың шексіз жүрек жарды қуаныштыры

«Нағыз қазақ -қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра,- деп» атам қазақ жырлағандай, Жарқайың балалар саз мектебінің домбыра үйретушілеріне, ата-аналар атынан, айтар алғысымыз шексіз. Аты аталған саз мектебі ауданымызда 1968 жылдан бері жұмыс жасап, өнерлі шәкірттер тәрбиелеп келеді. Мектепте хор, вокал, фортепиано, саксафон және домбыра аспаптар бойынша, өнерлі балаларымыз білім алуда. Бұлардың барлығы ауданымыздың атын қорғып, түрлі облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, үлкен жетістіктерге жетуде.

Соның ішінде аудандық оркестр ансамбліне жетекшілік жасап жүрген, Саз мектебінің директоры Журмаганбетов Сат Жақсылықұлы және домбыра пәні мұғалімі Молдагулова Айжан Қамзағалиевна, саксафон аспабы мұғалімі Савчук Вероника Владимировна, балаларымыздың өнерге деген қызығушылықтарын арттырып тәнті етуде. Көкшетау қаласында өтілген 52 –ші народниктердің облыстық Саз мектептер арасында өтілген «Жас дарын» байқауында жүлделі 2-ші орынды «Домбыра-дастан» ансамблі қанағат тұтса, Халықаралық «Таланты Казахстана» байқауының Гран при иегерлері атанды. Жетекшісі С.Ж. Журмаганбетов.

Осы орайда өзіне мақсат қойған С.Ж.Журмаганбетов өзінің нақты сезімімен, Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған «Халықаралық «Таңғы шұғыла» байқауына қатысып, тағы бір мәрте Бас жүлдені иеленіп, Турция қаласында өтетін «Турция страна талантов» атты байқауға жолдама ұтып алды. Онда жеке номерде домбыра аспабымен Құрманғазының «Адай» күйін ойнап жолдаманы, Қайсар Аружан ұтып алды. Жетекшісі Молдагулова А.Қ. Осындай мықты тәжірибиелері арасында, ауданымыздың таланты, мәдени өнерімізді асқақтата жүрген ұстаздарымызға дендеріне саулық, отбастарына амандық, жұмыстарының жемісін жесін деген, ниет, әрі ауданымыздық саз мектебін  биылғы 50 жылдығымен шын жүректен құттықтағымыз келеді.

Турция мемлекетіне жолдама ұтып алған оқушыларымызды шын жүректен құттықтап, Қасқырбай Ә., Махмут Ә., Асқар А., Төрехан Т., Қайсарова А., Қайсар А., Нурмұханбетов С., Муташев Е., Куделюк Б., Шершнев Е., Спандиярова Д., Марат Г., Хагай К., Қамза А., Кайдаулов Ә., Савчук В.В., атты өсіп келе жатқан жас ұрпаққа тек қана алға дейміз! Әр қашан жолдарыңыз болғай.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары