«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы жарияланды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын  «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі.

«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы туралы

жария хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын  «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі.

Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті 2018 жылғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсын жариялайды.

Конкурс 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – ұлттық.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияларға 2018 жылғы сәуірдің 1-нен  30-на дейін беріледі.

Толық ақпаратты www.kaztube.kz сайтынан алуға болады. 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары