Көрермен көңілін көркем етті

Көңіл тербейтін әсерлі әуен, әсем безендірілген сахна, тал бойына бар сұлулықты жинаған, дидары көктегі күнмен, жердегі гүлмен таласқан, көркі көзді арбайтын, хас сұлулардың сымбатын, қазақ қызына тән әдебін сақтауы, ұлттық бейне бүгінгі байқаудың ажарын аша түскені даусыз.

Көңіл тербейтін әсерлі әуен, әсем безендірілген сахна, тал бойына бар сұлулықты жинаған, дидары көктегі күнмен, жердегі гүлмен таласқан, көркі көзді арбайтын, хас сұлулардың сымбатын, қазақ қызына тән әдебін сақтауы, ұлттық бейне бүгінгі байқаудың ажарын аша түскені даусыз.
Осындайда ақынның:
– Қос бұрымы аш беліне 
        төгілген,
Келбеті бар кермаралдай 
        керілген.
Қазақ қызы инабатты, ибалы, 
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген, – деген сөздері еріксіз ойға оралады.
Күні кеше ғана Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының оқушы қыздары барша жұртты тамсандыратындай байқауға қатысып, жарасымдылық танытты.
Жарасқаны сол, сахнаның гүліне айналған бұл қыздар «Парасатты ару» атты осы байқаудың негізгі бағыттары, яғни «Сымбат пен сыры жарасқан» (таныстыру), «Анадан тәлім алған қыз», «Сұрақ-жауап», «Қыз өссе елдің көркі» бөлімдерінде жасындай жарқырады.
Олардың бірі ән айтып көрермендердің көңілін көтерсе, бірі монолог оқып көпшіліктің жанарына жас ұялатты.
Арулардың сахналық қойылымына, мәдениетіне, қазақ қызына тән әдебіне баса мән берген Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының директоры Салтанат Жігітекова жетекшілік еткен қазылар алқасының ұйғарымымен 10-сынып оқушысы Аружан Асқарқызына «Бас жүлде» бұйырса, өткен жылғы байқауда бас жүлдесін олжалаған 10-сынып оқушысы Балауса Бейсен бұл жолы 1-ші орыннан көрінді. Екінші орынның еншісін Аружан Дүйсенбаева еншілесе, үшінші орынды Мөлдір Тоқтасын, Мерей Саятқызы, Аружан Қайратқызы қанағат тұтты.
Көпшілік бас жүлде иегері Аружан Қайратқызының тал бойынан жарасым тапқан ұлттық киімі, сауаттылығы, сымбаты мен көркі, сыры мен жыры астасқанына тәнті болды.
Айтпақшы, таныстыру кезеңінде олардың қасында сырласына айналған жеңгелері жүрді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары