Кітап – руханият қайнары

Кез келген дамыған ел ең алдымен рухани мұраларымен, одан кейін талантты тұлғаларымен мақтанады. Ондай тұлғалар біздің елде де жеткілікті. Олардың жеткен жетістіктері мақтан етуге әбден лайық. Қасиет дарыған Әулиеата жерінде көптеген таланттар дүниеге келіп, өсіп-өнген. Олардың ішінде жазушылар, ақындар, журналистер, өнер қайраткерлері, спортшылар, ғалымдар көптеп кездеседі. Олар тек республика көлемінде ғана емес, әлемдік бәсекелерде де атой салып жүр.

Жуырда аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Кітап – руханият қайнары» тақырыбында «Тараз мұралары» атты тарихи-танымдық 80 томдық кітаптың таныстырылым кеші өтті.
Кеште сөз алған қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жұлдызай Жарылқасын: «Бұл көптомдық энциклопедиялық жинақ – Жамбыл облысының тарихы мен рухани мұраларынан сыр шертетін құнды мәліметтерге сүйеніп құрастырылған еңбек болып табылады. Мұнда облысымыздан шыққан талантты тұлғалармен қатар, әр салада жетістікке жеткен азаматтар да енген, – деді.
Кеш барысында кітапханашылар әр томға жеке-жеке тоқталып, оқырмандарға мол мағлұмат берді. 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары