Кеген аудандық мәслихатының хатшысы Н.Советовтың аудан тұрғындарын жаңа жыл мерекесімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді келе жатқан Жаңа - 2019 жылымен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен  аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиял­дар­ға қол создыратын ең сүйікті ме­реке.

Жаңа жыл – әр үйге шат­тық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын, шуаққа бөлейтін отбасылық мереке. Барша адамдар бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды.

Жаңа жылды біз іргесі бе­рік, мемлекеттігі бекем, аты әлемге танылған қуатты ел ре­тінде қарсы алып отырмыз. Елі­мізге табысты даму жолын көр­сететін «Қазақстан-2050» стра­тегиялық бағдарламасы, «Нұрлы Жол» жаңа эко­но­микалық саясаты мен «Ұлт жоспары – 100 нақ­ты қадам» және жыл сайын­ғы Қазақстан халқына Жол­дау­лары әлемнің ең дамыған                         50 мемлекетінің қатарына қо­сы­лу жолындағы біздің ау­қымды қадамымыз.

Әлемдік экономикадағы бү­гінгі қиындыққа қа­ра­мастан, биыл да әл ау­қа­тымыз арта түсті. Елімізбен бірге ауданы­мыз­дың да эко­номикасы өрлеп, бақ-дәулеті артып, тұрмыс-тірші­лігі жақ­саруда. Шағын және орта биз­нес саласы, егін және мал ша­руашылығы қарқынды даму үстінде. Ауданымызда жаңа құрылыс нысандары бой көтеруде.

Біздің табыстарымыз бен жетістіктеріміз 2019 жылы да жаңа идеялық ізденістермен  және бастамашыл қа­дам­дар­мен жалға­сын таба беретін бо­лады.

Жаңа жылдан күтеріміз мол. Барша қа­зақ­стан­дықтар, оның ішінде аудан жұртшылығы осы жылды зор еңбек тарту­лары­мен, ор­тақ мемлекеттік мүдде жо­лында жеке өнегесімен ай­шықтап, үлес қосатынына сенім­діміз.

Кеген аудандық мәслихатының депутаттары мен мәслихат аппараты атынан баршаңызды жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын !

Жаңа жыл әрбір ша­ңыраққа жақсылық пен та­быс, ырыс пен ынтымақ, бақ-береке алып келсін.

Жаңа жыл үлкен үміт пен зор сенімнің, шаттық пен қуа­ныштың жылы болсын!

Сіздерге мықты ден­саулық, отбасыларыңызға аман­дық, әрбір істеріңізге сәт­тілік тілейміз.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары