Қаламмен кешкен тағдыр

Бексұлтан Нұржекеұлы – қазақ қарасөзінің «беласқан» толқынының арасында өзіндік стилімен, ешкімді қайталамас ой-өрнегімен танылған тегеурінді тұлға. Сөз өнері атты киелі өлкеге саф тазалығымен келіп, өз өнерін өзгелер мойындайтындай өремен шыңдаған жазушы.

Жазушы шығармаларындағы өзектi тақырыптардың бiрi – махаббат, ер мен әйелдiң жан сезiмi. 
Туған өлкесiнiң қадiр-қасиетiн де жүрегiмен сезiнiп жазады. Шалғынына аунап, асыр салып, суына түсiп, топырағын жалаңаяқ кешкен жердiң тау-тасын, өзен-сайларын, қойнау-қолаттарын, бiр сөзбен айтқанда, тамылжыған табиғат суреттерiн көз алдыңызға келтiредi.
Көркем әдебиеттерді насихаттау барысында жазушының туғанына 80 жыл толуына орай аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Үлкен жүректі ұлы тұлға» тақырыбында ауыл тұрғындары арасында әдеби серуен өтті.
Серуеннің басты мақсаты – қаламгердің өмірбаяны мен шығармаларын көпшілікке насихаттап, көркем шығармаларын оқуға қызығушылықтарын ояту.
Жылжымалы ашық қарауда жазушының өмір жолы қысқаша баяндалып, «Ерекше тағдыр иесі» тақырыбымен таңдамалы шығармалары «Күй толғақ», «Күтумен өткен ғұмыр», «Бір ғана махаббат», «Өзендер өрнектелген өлке» тарихи-этнографиялық эссесі, «В ожидании», «Жау жағадан алғанда», «Ерлі-зайыптылар» романдары, «Бір өкініш, бір үміт», «Бейтаныс әйелдің құпиясы» әңгімелер жинағы таныстырылды.
Тұрғындарға сауалдар қойылып, шығармаларына толықтай шолу жасалды. «Балаларға арналған ертегілер», «Қазақтың көрнекті жазушысы» атты парақшалар таратылды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары