ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ ҚҰЖАТЫ

Ел Прези­денті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын оқып, мақалада айтылған орамды ойларына риза болдым. Абай біздің халқымыздың рухани паспорты екендігін бүкіл жұртшылыққа жеткізу толғағы жеткен мәселе еді. Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқып отырғанда оның үнемі елді, халықты алға жылжуға, өркениетті елдер көшінен қалып қоймауға үндегені көзге шалынады. Осыны анық байқаған Мемлекет басшысы Абайдың елді өркениетке жеткізу үшін ғылым керек екендігін айтқанына баса назар аударады. Абайдың жиырма бесінші қара сөзіне тіл туралы, тілді меңгеру туралы сүбелі пікірлер білдіреді. Мәселен, «Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы» деп атап көрсеткен Қасым-Жомарт Кемелұлы кемелділіктің көрінісі ретінде Абайдың «Толық адам» ілімін түсіндіріп өтеді.

Ұлы ойшылдың туындылары ел билеу мәселесінде халық пен биліктің арасын жалғайтын алтын көпір бола алады, билік пен қалың бұқара арасындағы диалогқа игі әсер ететіндігі де мақалада атап өтіледі. Абайдың халықтың рухани темірқазығы, мәдени бастауы екендігі белгілі. Абайды «Рухани жаңғыру» аясында басқа да қырынан танытуды мұрат тұтқан ел Президенті өткенді ескере отырып, болашаққа бағдар жасауда Абайдың ойларын, туындыларын негізге алу керектігін айтқан. Мақала соңында Абайдың 175 жылдығын өз деңгейінде ұлықтау, Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде бүкіл әлемге таныстыру керектігі жөнінде өте орынды атап көрсетті.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары