«Ғасырлар аманаты»

«Ғасырлар аманаты» экспозициялық-көрме жобасы жалғасуда.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын және Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі Ақмола облысының қалалары мен аудандарында "Ғасырлар аманаты" атты кешенді тарихи-этнографиялық көрмесін ұйымдастырып отыр. «Ғасырлар аманаты» экспозициялық-көрме жобасы жалғасуда. Ақмола облысының Жарқайын ауданында «Ғасырлар аманаты» көрмесінің ашылу рәсімі өтті. Көрменің ашылу салтанатында Жарқайын ауданы әкімінің орынбасары Гульжан Маркенқызы Баегизова және Жарқайын ауданының мәдениет басқармасының басшысы Светлана Анатольевна Хальзова құттықтау сөздерін жолдады. «Ғасырлар аманаты» көрме жобасы және көрменің ұйымдастырылу мақсаты туралы Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музей директоры Қуаныш Ғибадатұлы Шақшақов баяндап берді. Экскурсовод Айгерім Бауыржанқызы Айдарбекова көрме бойынша тақырыптық экскурсия өткізді. Осы көрме аудан тұрғындарына өлкеміздің мәдениеті мен тарихының тұңғиығына бөленуге мүмкіндік береді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары