ДІН мен ДӘСТҮР – ЕГІЗ ҰҒЫМ

Ислам діні әлмисақтан ұлтымыздың бітім болмысы мен әдет – ғұрып, салт – дәстүріне алтын қазық бола білген. Өзіндік мәңгілік ізгі жолы бар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды» деп ұлттық құндылықтарымыздың орынын ерекше атап өткен болатын.       

Міне, осындай ұлттық құндылықтардың арқасында жалпы адамзат баласы адамгершілік пен мейірбандық, біліммен ғылымның, парасаттылықтың биік шыңына шыққан. 

Тәуелсіздік  аясында халқымыз өзінің тарихын, мәдениетін, рухани мұрасын жан – жақты және терең тануға қол жеткізді. Зайырлы мемлекетімізде ұлтымыздың сана-сезімін жән салт- дәстүрлерін, ұлттық құндылықтарын өркениеттік тұрғыдан зерделеу маңызды. Өйткені халқымыздың тарихында айшықталған құндылықтарды және ұлттық дуниетанымыздың негіздері мен ерекшеліктерін білу ұлттық жаңғыруымыздың негізі болмақ. Қазақ елінің рухани тұғыры Ислам мен оның құндылықтарының қайта жаңғыруы халықтың өзінің рухани түп- тамырын толық біліп, түсінуге деген ұмтылысын ашып көрсетті. Ұлт руханияты үшін ұлттық тіл, ұлттық діл және рухани тұғыр болып табылады. Осы үш діңгек бір – бірімен ажырамас бірлікте болғанда, ұлт тұтастығы да берік.

Қазақ мәдениетінің негізгі мәселелерінің біріне кісілік пен әдептілікті айқындау жатады. Қазақ мәдениетіндегі мұсылмандық дүниетанымның әдеп мәселесін жіктегенде алғашқы мәдени-әдептік бинарлық оппозиция ретінде «адам» мен «пендені» алуға болады. Адам діни философиялық бағытта қалыптасқан және иудей – христиан – ислам теологиясындағы жаратушы құдіреттілігімен әлемге келген туынды, барлық кісілердің арғы тегі. Кейін адам батыс  философиясында да, шығыстық философияда да бүкіл адамзатты әмбебапты бейнелейтін тектік ұғымға айналады. Алла тағала адамды табиғаттан жаратқан және оған өзіндік мағына мен рух берген.

«Қайда жүрсең де өзіңді тізгіндеп ұста», «Адам болу үшін ерлікпен қатар ақкөңілділік те керек», «Байсалдық – ізгі қасиет». Қазақтың көнеден келе жатқан осы ұғым, түсініктері адамның осындай жақсы қасиеттерін тізбектей келе, жұртты жаман мінез, жат қылықтан жирендіреді.

Төзімділік тек саяси ұстаным ғана емес, оның діни, этикалық, мәдениеттанулық және тағы басқа қырлары бар. Қазіргі кезде кейбір саясаткерсымақтар ислам төзімділікке қарсы дін деп пікір айтады. Қазақ ақын-жырауларының исламдық дүниетаным шеңберінде болғаны белгілі. Көп талқылауға бармай – ақ қасиетті Құрандағы 109-сүреден бір үзінді келтірейік: «Мен сіздердің табынатындарыңа табынбаймын ғой, Сіздер де менің табынатыныма табынбайсыздар. Сіздерге өзіңіздің дініңіз, маған болса өз дінім». Бұл жолдарда төзімділіктің негізгі қағидасы анық әрі дәл тұжырымдалған.

Осыған ұқсас мағынаны «сабыр түбі – сары алтын» деген мақал береді. Бұл жерде де қиын істің бәрін сабырлылықтың, төзімділіктің негізінде асығыстық жасамай, күйгелектікке, ашуға берілмей шешу қажеттілігі көрсетіледі. Атап өткен және басқа да қазақтың мақал – мәтелдері қазақтың халық философиясы негізінде төзімділік пен зорлық – зомбылықты болдырмау идеяларының жатқанын жарқын көрсетеді.  Ұлткөшбасшсы айтқандай ұлттық кодымызды сақтай отырып, заман көшінен қалыспай, рухани құндылықтарымызды, ата – бабадан мирас болған әдет- ғұрып, салт – дәстүрлерімізді көздің қарашығындай сақтап, болашаққа аманаттау баршамыздың азаматтық борышымыз. 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары