БЕКЗАТ БОЛМЫС

Еңбексіз ештеңе болмайды. Әрбір адамға баға бергенде, бірінші кезеңде, жеке басының еңбекке деген көзқарасы, еңбекті бағалауы, еңбегі аталуы керек. Тәңірдің  ең күрделі туындысы, адамдардың қыры, сыры, қадір-қасиеті, өзіне ғана тән. Меніңше әр адам шешілмеген құпия тәрізді. Осы адамдардың бойындағы асыл қасиеттерінің отбасы үшін пайдалы болуы мүмкін, ал, оның жасампаздық еңбегі елдің, халықтың, мемлекеттің байлығы бақыты екені сөзсіз. Адал еңбек – бүкіл әлемге, ортақ құндылық. «Еңбек – әлемнің әміршісі» болса, бүгінде елге қызмет жасап жүрген азаматтар еңбектің әміршісі дегім келеді.

Ермек Бердалыұлы өмірін қалтықсыз еңбекке арнаған азамат.

Ерекеңе, Алла тағала талант сыйлаған, тағдыры оған білімі мен тәжірбиені тарту еткен. Сондықтан да қандай қызмет болмасын тыңғылықты, нәтижелі, мүмкіндіктердің  барлығын пайдаланып, төрт жағын сай қылып орындайды.

Ермек Искаков 1971 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келді. 1978 жылы Қызылорда қаласындағы №235 орта мектебінің 1-сыныбына барды. 1986 жылы 8-сыныпты бітіріп, Қызылорда қаласында политехникумына түсіп, 1990 жылы техник-механик мамандығы бойынша диплом алады. Қызылорда қаласындағы таксомотор паркінде техник-механик болып жұмыс атқарады. Ерекең оқуын жалғастырмақ мақсатында, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағандыдағы заңгер мамандығын оқып, білім алады.

Қандай да болмасын талантты, дарынды адам болса да тез білімді, білікті бола алады, тез тәжірибе жинай алмайды. Тәжірибе жинау қиынның қиыны. «Көре көре көсем боласын» демекші елден, халықтан, тырнақтап жинаған, ешкімнің  пешенесіне жаза бермейтін, ерекше қасиет, ерекше қабілеті – ғой.

Ермек Искаковтың ерекшелігі, көп оқиды, көп еңбектенеді, жұмысты, қызметтік міндетті, мемлекеттің, халық­тың мүддесін бірінші кезекке қояды.

Ерекеңнің өмірдегі бар табысы, тынымсыз еңбек етуі. Табиғилық, тектілік, қалай болғанда, бірінші, өскен орта, алған тәлім-тәрбие, адам баласына әсерін тигізері сөзсіз. Ермек қуанғанда асып-таспайтын, ренжігенде жүдеп кетпейтін. Бастысы қандай азамат болып қалыптасса, қазірде Ерекең сондай. Бірқалыпты жүрегі жылы, тұрақты, табиғаты текті, сырбаз, сұлу мінезді жігіт. Бір қалыптылық, мәдениеттілік, білімпаздық, бекзат болмыс. Осының барлығы бойынан табылады. Өз дегенінен қайтпайтын, принципшілдік ұстанымының беріктігі өмірде өз қағидаларымен жүретіні Ерекеңнің азаматтығы осы тұста бір ажарлана түседі. Адамның жанына жақсылығын таратушы, істеген жақсы­лығын пұлдамайтынын айтуға болады. Қол ұшын беру, көмек беру, ағайын-туысқа бауырмалдық көрсету, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, бәрімен тіл табыса білу.

1993 жылы Қызылорда ОІІБ-нің қылмысты іздестіру басқармасының жедел уәкілі лауазымына тағайын­далды. Ол өзінің іскерлігінің арқа­сында 1996 жылы Қызылорда ОІІБ-нің еңбекпен түзеу жұмыстары бөлі­мінің аға жедел уәкілі лауазымына тағайындалды.

Осы жылы Қызылорда ОІІБ-нің жанындағы қатты әсер ететін есірткі заттарының таратылуына бақылау жасау бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі лауазымына тағайындалды.

Ұйымдастыру  қабілетінің арқасында 1998 жылы Қызылорда  ОІІБ-нің криминалды полиция қызметінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі  лауазымына  тағайындалды. Кез келген тірлікті дөңгелетіп әкететін қабілетті, іскер Ерекең 2000 жылы Қызылорда ОІІБ-нің криминалды полиция қызметінің 4-ші басқармасының аналитикалық  барлау бөлімінің аса маңызды істері жөніндегі аға жедел уәкілі лауазымына тағайындалды.

2001 жылы Қызылорда ҚІІБ-нің қылмысты іздестіру бөлімшесі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды

07.05.2004 жылы Қызылорда ҚІІБ-нің қылмысты іздестіру  бөлімшесінің бастығы лауазымына тағайындалды.

2006 жылы  Қызылорда ҚІІБ-нің  полиция бөлімшесінің бастығы лауазымына, 2008 жылы Қызылорда ҚІІБ  бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары   лауазымына, 2009 жылы Қызылорда ҚІІБ криминалды полиция басқармасы  мүліктік қылмыстарды  ашу жөніндегі бөлімнің бастығы лауазымына, 2011 жылы Қызылорда  ҚІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастығы лауазымына, 2012 жылы Қызылорда ОІІД ұйымдасқан  қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы болып тағайындалды. Қай қызметте де өзінің қағидаларына сүйенетін  Ермекті 2015 жылы Сырдария аудандық ішкі  істер бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Ол барынша қарапайым,  озбырлыққа, дөрекілікке жаны қас, жомарт, бауырмал, көпшіл, әрі сыпайы сырбаз адам.

2017 жылы  Қызылорда ОІІД-нің  есірткі бизнесіне қарсы күрес бас­қар­масының бастығы лауазымына тағайындалды. Қазіргі уақытта осы лауазымды  атқаруда.

Отбасылы. 1 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.

Абай атамыз айтқандай «Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң Алланың сүйген құлы боласың» дейді. Ермек Искаков қарызын адал орындап жүрген азамат.

Ұрпағын өсіріп әке текті атадан  дарыған тәрбиесін кейінгілергеде сіңіріп келеді.

Бибіфатыма Нұрғазы.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары