Бас жүлде олжалаған Маржан қыз

Өнер жас таңдамайды. Тал бойыңда өнер тұнып тұрса, сахнаға шығып ән әуелетіп, күй күмбірлете бер.
Соңғы жылдары ауданымызда әсіресе, мектептерде таланттылардың қатары көбейіп келеді.

Өнер жас таңдамайды. Тал бойыңда өнер тұнып тұрса, сахнаға шығып ән әуелетіп, күй күмбірлете бер.
Соңғы жылдары ауданымызда әсіресе, мектептерде таланттылардың қатары көбейіп келеді.
Олар мереке күндері мектеп сахнасынан көрініп, жанкүйелерін қуантып жүр. Бір ғана мысал, Бауыржан Валиев басшылық ететін №1 орта мектептің өрендері өнердегі өрісін кеңейтуге жол ашқан секілді.
Наурыз айы – береке, мереке айы. Осы мектептің 1-сынып оқушысы Маржан Қанатқызы «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты Абай оқуларында, келесі күні өткен «Көктем аруы-2020» байқауында да бас жүлдені олжалап, ата-аналарын, сынып жетекшісі Ұлпан Дәуленді, сыныптастарын қуантып отыр.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары