Баға жетпес байлығымыз

Ана тілі – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер – ол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл.

Ана тілі – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер – ол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл.  Ақын С.Торайғыров ана тілді:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан. 
Ана тілі – ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан мұра, баға жетпес байлы­ғы­мыз, демек әр адам ана тілін көзінің қарашы­ғын­дай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. 
Ана тілінің қадір-қасиетін білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты – тілінде». Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. «Тіл – тәуелсіздік тұғыры».
Тіл құдіреті – ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда ата қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана.
Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой-тұжырымдардың баршасы ел аузынан түспей, ғасырлар өтсе де, ұрпақ жадында сақталған «Тәрбие басы – тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөздердің бірі. 
Үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрдің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізе алмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық. Қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы – ана тілі. Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Ең жақсы адам – ана тілін құрметтеген адам. Бұл сенің басқа тілді меңгеруіне бөгет болмайды, қайта сені адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Ана тілдің терең иірімдеріне бойлай білу – саналы адам болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемен ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қазығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті. 
«Тілден асқан байлық жоқ», тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі жасайтын тіл екенін ұмытпайық. Мен әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі – қазақ тілінің құдіретіне әрдайым сенемін.
Мейлі, сен көп тілді біл «қой» демес ем!
Пушкин, Байрон, Шекспир, Гейнеге сен.
Бірақ сені қазақ деп айта алмаймын,
Туған ана тіліңде сөйлемесең, – демекші ана тілімізді құрметтейік.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары