АУЫЛДЫҚ КІТАПХАНА: БЕЙНЕ, КЕЛБЕТ, ДӘРЕЖЕ

Қараағаш ауылдық кітапханасында ауыл кітапханашылары және аудандық кітапхана қызметшілерінің қатысуымен әдіс алмасу мақсатында «Бейне, келбет, дәреже» атты семинар өткізілді.

Семинар арнайы құрылған жоспар бойынша 5 бөлімнен тұрды:

1. Кітапханамен қысқаша таныстыру.

Кітапханашы жалпы кітапханамен, кітап қорымен, әртүрлі тақырыптарға жасалған папкалармен таныстырды, қазіргі заманға сай рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша «Рухани жаңғыру. Туған жер – тұнған тарих», Қазақстан жайлы: «Еңселі елден – мәңгілік елге», тіл тақырыбына, өмір салты бойынша «Салауатты өмір – біздің болашағымыз», Астана қаласының 20 жылдығына «Астана – ұлы дала елордасы», М.Жұмабаевтың 125 жылдығына «Жырымен жұртын оятқан», «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша «Ерлік пен даналық дастаны» атты кітап көрмелері келушілерге таныстырылды. Кітапханада атаулы күндерге, мерейтойларға және инновациялық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Кітапхана жанындағы «Шебердің қолы ортақ» атты клуб жұмысы таныстырылды.

2. «Шығармашылық есеп» – презентация

Кітапханада шығармашылық есеп презентация түрінде өткізілді.

3. Слайд. М.Қанғожиннің 80 жасқа толуына.

Жерлес ақын-жазушы М.Қанғожиннің 80 жасқа толуына орай «Ақын болып тумасам» атты тақырыппен слайд көрсетілді.

4. Психологиялық тренинг.

Кітапханашылармен инновациялық жаңа іс-шара – «Психологиялық тренинг» өткізілді.

5. Мектеп іші және мұражайға саяхат.

Кітапханашылармен мектеп ішіне және мұражайға саяхат жасалды. Аудандық семинар өтерде мектеп әкімшілігінің көп көмегі тиді. Мысалы: мектеп директоры Р.Е.Ақбаева, тәрбие ісінің меңгерушісі Ж.Ә.Бақтыбаева, бастауыш сынып мұғалімі М.Б.Темірханова және мектеп жұмысшылары: Б.И.Исина, А.Б.Ахметова.

Осындай семинардың өткізілуі қажет екен және бұдан былай да өз жалғасын тапса деймін.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары