Ана тілі – бәріміздің анамыз

Тіл – тек қатынас құралы ғана емес, халықтың тарихы, өркениетке барар жолы. Ол мәдениет, табиғат, тарих адамзаттың шығу тегін айқындауға мүмкіндік береді. Барлық тілді мойындау және құрметтеу әлемде бейбітшілікті сақтаудың кілті болып табылады. 

Тіл – тек қатынас құралы ғана емес, халықтың тарихы, өркениетке барар жолы. Ол мәдениет, табиғат, тарих адамзаттың шығу тегін айқындауға мүмкіндік береді. Барлық тілді мойындау және құрметтеу әлемде бейбітшілікті сақтаудың кілті болып табылады. Әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі бар. Оның халықтың ділі мен әдет-ғұрыптарын қамтып көрсететін өзіндік әлпеті бар. Біз өзіміздің аты-жөніміз сияқты ана тілімізді бала кезімізде өз аналарымыздан қабылдаймыз. Ол біздің сана-сезімімізді қалыптастырады, ондағы бейнеленген мәдениетпен сусындаймыз.
«Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!» – деп қазақтың ақиық ақыны Қадыр Мырза-Әлі бекер жырламаған болар. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. Яғни, өз тілің – бірлік үшін, өзге тілің – тірлік үшін.
Ана тілінің Халықаралық күні жойылып бара жатқан тілдерді қорғау үшін белгіленген. Ол өте маңызды, себебі бүгінгі күні әр ай сайын әлемде екі тіл жойылып отырады екен. Ал, тілі өлген халықтың өзі де өледі.
Осыған орай бейсенбі күні аудандық орталық кітапханада «Ана тілі – бәріміздің анамыз» тақырыбында әңгіме-диалог №1орта мектеп оқушыларының қатысуымен өтті. 
Әңгіме-диалогты оқу залының кітапханашысы Ләйлә Есмурзаева кіріспе сөзбен ашып, «Тіл – ұлттың асыл қазынасы» атты баяндамасымен жалғады.
№1 орта мектеп оқушылары шараға атсалысып, екі бөлім бойынша өздерінің білімдерін ортаға салды. «Жүйрік болсаң шауып көр» кезеңінде сұрақ-жауап арқылы шапшаңдық танытса, «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталатын бөлімде мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, тапқырлық көрсетті.
Іс-шара соңында кітапханашы Нұрипа Манабаева «Тілдің мерейі – елдің мерейі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» тақырыбындағы слайдты көпшілік назарына ұсынды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары