Әлемнің әйелсіз күні бар ма?

Шежірені парақтап отырсаңыз ақылымен ел билеген, айбатымен жауға қарсы тұрған аналарымыздың атымен бүтіндей ру мен ел аталып кеткен оқиғалар жиі кездесіп жатады. Бір ананың ақыл-парасаты бір рулы елдің өсуіне жол салған. Гендрлік саясат деп еркек пен әйел болып жауласып жатқан бүгінгі күні бір сәт ертеректе өткен қасиетті аналарымыздың өмірін өнеге еткеніміз абзал. Олар сонау қиын-қыстау жаугершілік заманында елін қорғаса да, бір әулеттің киелі отын сөндірмеуді бәрінен маңыз тұтқан. Бұл да қазақ әйелдерінің отбасындағы білгір саясаткерлігі мен бойына сіңген болмысы. «Еркекті ер қылатын да, ез қылатын да әйел», дейді данагөй қазақ. Бұл нақыл сөз бойжеткендерімізге ақыл сөз болып жүрегіне жатталсын деген ниетте ойымызды түйіндейік.

Тарихта ақыл-парасатымен, тапқырлығы мен батылдығымен, дуалы сөзі мен дара өнерімен көзге түсіп, бүгінгі күнге дейін ел жадында қалған асыл аналарымыз бен дана қыздарымыз өте көп болған. Бұл жолы біз басылымдарда жиі жариялана бермейтін өткен уақыт белестеріндегі ардақтады аналардың қасиеттері хақында паш етуді жөн көрдік. Ал, газет бетіне сыймай қалған өр тұлғалы аяулы жандарымыз өте көп екенін ескертеміз.

         Шежірені парақтап отырсаңыз ақылымен ел билеген, айбатымен жауға қарсы тұрған аналарымыздың атымен бүтіндей ру мен ел аталып кеткен оқиғалар жиі кездесіп жатады. Бір ананың ақыл-парасаты бір рулы елдің өсуіне жол салған. Гендрлік саясат деп еркек пен әйел болып жауласып жатқан бүгінгі күні бір сәт ертеректе өткен қасиетті аналарымыздың өмірін өнеге еткеніміз абзал. Олар сонау қиын-қыстау жаугершілік заманында елін қорғаса да, бір әулеттің киелі отын сөндірмеуді бәрінен маңыз тұтқан. Бұл да қазақ әйелдерінің отбасындағы білгір саясаткерлігі мен бойына сіңген болмысы. «Еркекті ер қылатын да, ез қылатын да әйел», дейді данагөй қазақ. Бұл нақыл сөз бойжеткендерімізге ақыл сөз болып жүрегіне жатталсын деген ниетте ойымызды түйіндейік.

         Халық жадында сақталып қалған Тұмар, Зарина, Бегім, Бопай, Абақ, Айғаным, Күнбике, Зере тәрізді ханшалардың елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі мен ерлік істері бүгінгі болашақ ұрпақ жадында Қазақ қоғамында әйелдің орны ерекше. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген тәмсіл бар. Ұлттың болашағы да қазақтың әйелінің қолында. Сондықтан қазақ әйелі отбасы қоғамының ұйытқысы, тәрбиенің берік қорғаны. Халық жадында сақталып қалған Тұмар, Зарина, Бегім, Бопай, Қарашаш, Домалақ, Абақ, Айғаным, Күнбике, Зере тәрізді ханшалардың елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі мен ерлік істері бүінгі болашақ ұрпақ жадында. Арыға бармай-ақ қазақ хандығы тұсынан бергі ел билеген Айғаным, қол бастаған Бопай ханымдар,  Күнбике, Айбике, Зере аналардың ұлт тарихындағы орны бөлек.

         Аяулы Ана! Осы бір құдыретті есім жаныңа шуақ сыйлап, кеудеңе қуаныш сыйлап, жүрегіңе нұр құяр кәусар бұлақтай,  таза асқар таудай биік, әлемдегі ерекше жан!

         Тура  жолды  нұсқаған хакім Абайды, қазақ   елін біріктірген   Абылай ханды, жүрегінің түгі бар Баһадүр,  батырлар Қабанбай мен Наурызбайды, Әлия мен Мәншүктей перзентін шыр етіп жарық  дүниеге әкелген, тар құрсағын кеңейтіп, тас омырауын жібіткен, көзінің ағы мен қарасындай мәпелеп өсірген  қазақ  даласының қайран аналары-ай!  «Баламның табанына кірген тікен, менің маңдайыма кірсін» дейтін сол ана емес пе?»  Бірқолымен әлемді,бір қолымен бесікті тербеген» ана  мейірімі күллі жер бетіне қуаныш пен бақыт сыйлайды. Құран хадистерінде: «Тоғыз ай, тоғыз күн, тоғыз сағат баланы көтеріп, өлімді  жағалап барып баланы дүниеге әкеледі. Сен ештеңеге шамаң келмей, сәби болғанда жылап, омырауынан  сүт  емізіп,сені  баққан кім?  Сені балиғат  жасына жеткізген кім? Егер анаңның  разылығын алмасаң, жәннаттан саған орын жоқ!-деген екен. «Жұмақтың кілті, анаңның табанының астында екені ақиқат.!». Баяғыда бір шашын жайған  әйел Әмір Темірдің алдына келіп: -Жалғыз баламды сен құлдыққа алдың. Сен не істесең де адам ғанасың,ал,мен-Анамын! Сен өлім шашасың,мен өмір шашамын, сондықтан мен сені адамға санамаймын да,менің ұлымды қайтар!-деп бұйырады.  Екеуі сөйлескен соң, Әмір Темір:-Бұл  әйел меннен өтінбеді, бұйырды, бұл өмірдің иесі, бұл-ана, бұл ұлын сүйеді-деп, үш жүз  салт әскеріне дүниенің төрт бұрышын аралатып, жалғыз ұлын тауып берген екен. Мақтасақ-әйелді мақтайық , құрметтейік . «Әйел-ана, барлық қиындықты жеңетін, сарқылмайтын  күш, көзді бұлақ емес пе?  Әйел-ана, дүниедегі жалғыз күш ғой; оның  алдында Азияның  айбарлы  арыстаны Темірде,  Темірді жеңген өлім де бас иді!

         Дегенмен барлық өмірдің бастауы, Құдайдан кейінгі құдрет  иесі-Ана!-Әуелі анаңа, тағы да анаңа ,содан соң әкеңе жақсылық жаса! –деп Мұхаммед пайғамбарымыз өз  хадисінде ананы құрметтеу парыз екенін айтады. «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, тоғанбайтын жан жоқ.  «Пай-пай шіркін,қазақтың келіндері-ай» деген  сөздің мәнісі –келінді ұрпақ жалғастырушы ғана емес,оны әулеттің ырыс-берекесі деп таныған. Данагүлдің ақылын таныған Төле би қырық қарақшының қолына түскенде ұлына емес, келіні Данагүлге хат  жазып көмек сұраған.  Сонда Данагүл астарлы сөзбен жазған хатты түсініп  Төле биді құтқарған екен.  Ибрахим пайғамбардың ұлы Исмаил алыста жүріп үйленіпті. Әкесі мұны естіп, ұлын іздеп  келіпті. Келсе, үйде ұлы  жоқ, келіні атасын есік алдында қарсы алады. Келіншек қайын атасы екенін білмеген соң  алыстан келген кісіге үйге кіріңіз деп ізет білдірмейді.  Атасы одан  тұрмыс-жағдайын сұрайды. Сол кезде келіншек тұрмысын ауыр       екенін айтып, күйеуінің табысының мардымсыз екенін айтады. Жағдайды түсінген қария:- Күйеуіңе келгенде оған айт, үйінің босағасын ауыстырсын, сол кезде тұрмыста түзеледі,-депті. Түсінбеген ақылсыз әйел күйеуіне көргенін айтады. Исмаил келген өз әкесі екенін түсінеді. Келесі жылы Ибрахим баласының  үйіне тағы келеді. Баласы үйінде тағы жоқ екен. Бұл жолы үйден басқа келіншек шығады. Қарияны төрге отырғызып күтеді. Тұрмыс-тіршілігі жайлы сұрақтарына «Құдайға шүкір! Алланың бұйырғаны болып жатыр!» деп жауап  береді. Күйеуінің қандай екенін сұрайды,оның иманды адам екенін айтады. Ибрахим аттанарда күйеуіңе  сәлем  айт, үйдің босағасын берік ұстасын,-деп қайтып кетеді. Жердің тайғақ болғанын мұздан көрдім, еттің ащы болғанын тұздан  көрдім, Жас кезімде «қыз бала» деп менсінбеп ем, Қартайғанда рахатты қыздан көрдім,-деп Шернияз ақын  айтқандай ғасырлар белесіндегі атадан балаға, баладан ұрпаққа ауысып келе жатқан адамзат тарихының ақ  мұнарындай белес-белес болып, бізге жеткен айбынды тұлғалардың да қарапайым анадан туып,  ананың ақ сүтінен ауызданып, ана мейіріміне бөленгенін еске алайық. Бүгінгі замандас жер бетіне жақсылық әкелген барша анаға бас иеді, құрметтейді.

         Өз елімізде жаңа өмірі,  нұрлы жолы басталған әйел аты одан ары биікке  көтеріліп, аса мол азаматтық рухани бай өмірдің құдыретті  күшіне айналады. Қазірде әйелдер шағын коллективтің бір мүшесі     ретінде елдің қамын жеген қамқор ой толғаудан бастап, ел билігі өмір тізімі қолына тиген үкімет мүшесі ретінде дүниелік ой айта алады.

          Әйел атын, ана атын лайықпен алып жүруіне сол арқылы қандайда бір биікке көтерілуіне қазіргі аналарымыз бен сіңілілеріміз, келіндеріміздің мүмкіндіктері ұлан-ғайыр. Тіпті олардың өмірде басқалар жүрмеген жаңа  сүрлеу салуға, өмірде өзінше із қалдыруына,  бұрын ешкім баспаған жаңа белеске көтерілуіне де болады. Алайда, менің айтайын дегенім,  Бибіфатыма аналарымыз бен Бегім Аналарымыз,-деп қандай аналарды атап жүрміз. Мысалы: ойымдағы  Бегім Аналар баланы өсірген, күйеуін күткен, қонақ күте білген, ағайын-туыстардың бабын тапқан. Қызметті де, үйді, күйді өз орнында  ұлды ұяға,  қызды қияға қондырған аналарды айтар едім. Десекте, Ұлбала Алтайбаева, Шырынкүл Қазанбаева ер азаматтарын күтіп,халыққа сыйлыболған, ұлды  ұяға,қызды қияғақондырған аналардыатамасқаболмас, сірә. Мысалы:Қанзира Қалиева, Бағжан Қазантаева, алтын құрсақты аналар да жетерлік Дарипа Қалмырзаева, Гүлжамал Құлназароваларды айтуға болар еді.    Осы секілді аналарымыздың өмір жолынан көруімізге болады. Бұлардың қай-қайсынанда өмірге құштарлық, барға байыздамай, алға, заңғар биікке құлаш ұрған талапшылдық жақсылық атаулыны жарқырауға ұмтылушылық көңіл төріне гүл өсіруші бағалайтын секілді. Шынайыда, мөлдір, асылда ардақты қасиеттерін табасың. Отбасылық береке пейіліне  қоса қоғамдық ортада, еңбекте, үлкен  істерді өз жарастығымен, өз жұмысымен дамытып, әр қырынан көріне білген асылдай ертұлғалы батыр аналар біз үшін қандай үлкен мерей.

         Сәлима Жұмабекова,Ұлбала Алтайбаева, Захира Ержанова, Ұлмикен Төлегенова,  Рсалды Сүлейменова, Пиян Жуқаева, Жадыра сияқты көптеген әйеледер еңбегімен ел даңқын шығарған құрыш қолды еңбекқор аналар. Ал, олардың соңынан ерген жасампаз күшті, бұла тасқынды, өршіл қайратты, жігерлі, жалынды ,   жас толқын сол тұйық бастаудай нәр алған жайқалып өсіп келе жатқан Сыр гүлдеріде жетерлік.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары