Айшабибіде ән әуеледі

Жуалы ауданының халықтық атағы бар «Жаңабаевтар» отбасылық ансамблі Айшабибі ауылдық Мәдениет үйінде өнер көрсетіп, әннен шашу шашты. Онда айшабибіліктердің қарасы қалың болды.

Жуалы ауданының халықтық атағы бар «Жаңабаевтар» отбасылық ансамблі Айшабибі ауылдық Мәдениет үйінде өнер көрсетіп, әннен шашу шашты. Онда айшабибіліктердің қарасы қалың болды. Шараның ашылуында сөз сөйлеген округ әкімі Райымбек Сейітов Жаңабаевтар әулетіне алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
 – Қазақ сахнасы күн сайын аста-төк талантты жұлдыздармен толығып келеді. Бүгінде өнер десе ішкен асын жерге қойып, кемеліне келтіре ән шырқайтын «Жаңабаевтар» отбасылық ансамблі көрермен көңілін көтеруге арнайы келіп отыр. Өнер иелерінің концерттік бағдарламасын бірге тамашалайық, – деді Райымбек Сияқұлұлы. 
Бұдан кейін көмейіне бұлбұл ұя салған отбасы «Қазақтың әнші отбасы», «Туған жер», «Бай бол», «Мерейлі отбасы», «Бақытымды қайда деме» әндерін әуелетіп, көпшілікті бір серпілтіп тастады. Әсіресе, Абай Құнанбайұлының сөзіне жазылған «Бұл ән» әнін шырқаған Інжу есімді балғынның тәтті дауысы тұрғындардың қошеметіне ұласты. 
Шара соңында көрермендер мерейлі отбасына гүл шоқтарын сыйлап, кештің әсерлі өткенін жеткізді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары