
Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны. Былтырғы жылы ҰБТ-ның басты ерекшелігіне арналған жаңалық: ол мектеп қабырғасында өтетін қорытынды аттестаттау және ЖОО-на түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру екені белгілі болды.
Жылдағы дәстүрге айналған- жаңа оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық және оны ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 6-наурызында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін пунктінде бір күндік сынама тестілеу өткізілді.
Бір күндік сынама тестіні Ұлттық бірыңғай тестілеудің талаптары бойынша өткізілді: яғни, ұялы байланыс телефондарының сигналын тұншықтыру құралдарымен, рамалық металіздегіштер, тестілеу барысын көрсету мақсатында бейнежазу камераларымен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, тестілеуге Ұлттық тестілеу орталығының мамандарымен қоса, облыстық, қалалық білім басқармаларынан да мамандар қатысты. Кейіннен ҰТО филиалының мамандары жауап парақтарын сканерден өткізіп, қорытындысын шығарды.
ҰБТ-дің ағымдығы форматы бойынша ақпаратты, ҰТО сайтында ҰБТ тапсырмаларының үлгілерімен қоса, http://www.testcenter.kz/ru/entrants/ent/; ҰТО сайтында қорытынды аттестаттау тапсырмаларының үлгілерін
http://www.testcenter.kz/ru/entrants/itog/;
Мамандықтар бойынша бейінді пәндердің тізімін www.testcenter.kz
http://edu.gov.kz/ru/document/prikaz-ministra/perechen_spetsialnostei_visshego_obrazovaniya_s_ukazaniem_profilnih_predmetov_ent_i_kompleksnogo_testirovaniya;
Онлайн байқау сынағы http://www.testcenter.kz/ru/entrants/ent-kta-try-online/ сілтемелері арқылы қарай аласыздар.