Мәдениет

Асыл қасиеттерге үндеген тұлға

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді», – деген болатын.

21 ноября, 10:10
ҰЛЫ ДАЛА КЕМЕҢГЕРІ

«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық». 18-ші қара сөзінде хәкім Абай осыны кесіп айтты. 

18 ноября, 09:38
ҚАНЖЫҒАДА – БАС ЖҮЛДЕ

Жуырда Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен «Шерхан Мұртаза» атындағы руханият және тарихтану орталығының бірлесе ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдері арасында «Жамбыл жырлары» атты ақынның өлең, жырларын мәнерлеп жатқа оқудан облыстық байқау өтті. 

18 ноября, 09:37
Тілімізге бұрынғыдан да жауапкершілікпен қарайық

«Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен тап­таурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біз­дің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес», – деді Елба­сы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында.

14 ноября, 11:43
Дүние Абаймен нұрланады

Адам баласына өмір бір-ақ рет беріледі. Қамшының сабындай ғана қысқа өмірде жақсылық жасаудан асқан құнды іс жоқ. Абай үндеген жақсылық бауырға деген ыстық сүйіспеншілікпен ұштасады. Менің ойымша, хакім насихаттаған парасатты ой адамгершілігімізді арттырып қана қоймай, жүрегімізге күллі адамзат сиятындай кеңдік сыйлайды. Адамгершілік – әрбір жанның бойында болуы тиіс ұлы қасиет. Кімнің бойынан бұл асыл қасиет табылса, соны «ер» деп есептеу керектігін Ахмет Иүгінекидің өзі айтып кеткен. 

14 ноября, 11:42
Уақыт кеңістігіндегі құнды құжат

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – бүгінгі уақыт кеңістігінде біздің рухани тірегімізді одан әрі бекітуге, әлемге паш етуге, аса қажет тұстарды айқын бағамдаған құнды құжат. Расымен, Еуропа халықтары өздерінің көне дәуірімен әлемге мақтанышпен қарайды. Біз де өз дәуірінде өзгеге үлгі болған, өзіндік мәдениеті мен өмір сүру салтын қалыптастырған көне түркілердің ұрпағы екенімізді мақтан етеміз.

14 ноября, 11:37
Рухани қазына – ұлт болмысы

Тарих – өткеніміздің куәсі, қазіргіміздің үлгі-өнегесі, болашағымыздың асыл қазынасы.

Бейсенбі күні аудандық ардагерлер кеңесінің мәжіліс залында орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында «Мәдени мұра – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында тарихи кеш өтті.

14 ноября, 11:34
Дана салған тура жол адастырмайды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абай мұрасын болашақта қалай тиімді пайдалану, әлемге таныту секілді мәселелер туралы ой қозғап, өз ой-тұжырымдарын ортаға салды. Жұртшылық оны аса ризашылықпен қабылдады. Өйткені, Абай – рухани көсеміміз. Оның салған тура, әділетті жолымен жүрсек, адаспаймыз. Оның ілімі алға қойған биік мұрат-мақсаттарымызға жетуге көмектеседі.

11 ноября, 09:33
Әдебиетке балалықты әкелген ақын

Шын өнер жайшылықта емес, жан дүниенің қайшылығында туады. Ал дарын – Алланың айрықша мейірім шапағаты түскен пендесіне берілген қиял-ғажайып нұры. Ата күші, ана сүті, киелі топырақтың жебеуі, жаныңа жайлы адамдардың мейірімі сол нұр иесін қайталанбас тұлға етіп қалыптастырады. Сондай тұлғалардың бірі – балалар ақыны Сұлтан Қалиев.

11 ноября, 09:28
Кітап – руханият қайнары

Кез келген дамыған ел ең алдымен рухани мұраларымен, одан кейін талантты тұлғаларымен мақтанады. Ондай тұлғалар біздің елде де жеткілікті. Олардың жеткен жетістіктері мақтан етуге әбден лайық. Қасиет дарыған Әулиеата жерінде көптеген таланттар дүниеге келіп, өсіп-өнген. Олардың ішінде жазушылар, ақындар, журналистер, өнер қайраткерлері, спортшылар, ғалымдар көптеп кездеседі. Олар тек республика көлемінде ғана емес, әлемдік бәсекелерде де атой салып жүр.

28 октября, 14:56

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары