ЕЛ ІШІ- ӨНЕР КЕНІШІ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту»  мақаласында ұлттық сананың көкжиегін кеңейте отырып, ұлттық кодымызды сақтау қажеттілігін атап көрсеткен-ді.

Осыған орай  «Қазақстан» ұлттық телеарнасы бабаларымыздың ұлттық мұрасын  жас ұрпақтар арасында кеңнен насихаттау мақсатында республикалық «Мен қазақпын» жобасының өтетіндігі туралыхабардар етті. Оған дәстүрлі әншілер мен термешілер, күйшілер қатысады.

Мегажобаның ұйымдастырушысы «Қазақстан» РТРК акционерлік қоғамы. Продюсерлердің айтуларынша,  жобаға тек қазақстандықтар ғана емес, Ресей, ҚХР, Монғолия мен Алтайдағы қазақ тілді музыканттар қатыса алады.

Ақмол ауылының Мәдениет үйінде болған байқауға 18  бен 40 жас аралығындағы әншілер қатысып, ұлттық аспаптарда танымал халық әндерін шырқады.

Аймақтық байқауда Шортанды,  Аршалы, Астрахан және Целиноград  аудандарының домбырашылары  мен әнші-термешілері  асқан белсенділік танытты.

Конкурсқа қатысушылардың өнеріне  кәсіби музыканттар мен күйшілерден құралған қазылар алқасы әділ бағасын  берді. Нәтижесінде облыстық мегажобаға Бекзат Қиянбек, Әділжан Ақышев, Қанат Заманай (суретте), Рауан  Мейрамбекқызы  мен Базарбек Сауырхан іріктеліп алынды.

Осынау республикалық жобаның нәтижесінде арамызда жүрген қарапайым адамдар өз бойларындағы табиғат берген дарындары мен қабілеттерін ашып көрсетуге мүмкіндік алды. «Ел іші – өнер кеніші» деген осы.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары